"Фуу" дегеніңіз өзіңізге берген бағаңыз

ХХІ ғасыр - ғылым мен техниканың дамыған заманы, екендігі баршамызға мәлім. Дәл осы кезеңді ұялы телефон, ғаламтор желісі деген дүниелерсіз елестете алмаймыз. Осыны ойлағанда, "бұрындары ата-бабамыз телефонсыз қалай өмір сүрген?"-деген сұрақ мазалайды. Жарайды, оны өткеннің еншісіне қалдырайық.

Ал, қазір... Бүгінде инстаграм, вконтакте, фейсбук, твиттер деген сияқты әлеуметтік желілер қазіргі жастарға таныс ұғымдар. Айтпағым, осы желілердегі пікірлер туралы болмақ. Баршаңызға мәлім, инстаграм желісіне тоқталсам. Бұл әлеуметтік желі арқылы, танысыңыздың, туысыңыздың немесе достарыңыздың қайда барғанын, кіммен жүргенін, қандай ас ішкенін біле аласыз. Бұл тізімде, тағы біреулерді ұмытып кеткен секілдімін. Иә, өнер адамдары. Өнер саласында жүрген жандардың фанаттарына жақсы дүние секілді. Ол жайлы, барлық ақпараттарды біліп отырады.

Ал, сол әншілердің немесе актриса жалпы өнер адамдарына жазылған пікірлерге келер болсақ... Біреуі мақтайды, біреуі даттайды. Әрине барлық оқырманға ұнау мүмкін емес. Алайда, бір түсінбейтінім, "ұнамайды", "фу", "мамбет" және бұданда жаман пікірлер жазып жатады. Егер ұнамайтын болса, неге жазылады, неге оқиды ол адамның парақшасын? Егер ұнамаса, оқымасын, негатипті пікірлер жазбасын. Бұдан мақтансүйгіш адам екен деп ойлап қалмаңыздар. Сөз басында айтқанымдай, барлық адамға ұнау мүмкін емес.

Жазсын пікірлер, бірақ жақсы жағынан. "Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын", демекші өзіміз аз ғана халықпыз. Бір- бірімізге жаман пікірлер айтып балағаттағаннан гөрі жақсы әрі жылы сөздер айтқан керемет емес пе?! Кейде, пікірлерді оқып отырып, не күлерімді, не жыларымды білмей қаламын. Арасында тепсе темір үзер азаматтарымыздың салғыласып, не болмаса қыздарға, ел ағаларына жаман, адам аузы айтқысыз сөздер жазған пікірлерін оқығанда, "мынауың өзі еркек деген атқа лайықпа?",-деп ойланып қаламын.

Және көбісі "мұрның қисық, ерні үлкен" деген сияқты пікірлер жазған соң, мына кісі өзі кемшіліксіз сияқты ғой деп қарасаң, парақшасында мүлдем суреті болмайды немесе парақшасы жабық болады. Сонда ойлаймын, біреудің кемшілігін айтып, оны сынап-мінегеннен жаны ләззат табады ма?- деп. Өз басымнан өткен нәрсені айтайын. Бірде, бір кісі вконтакте желісіндегі барлық суреттерге коммент яғни өзінің ойын,пікірін қалдырыпты. "Халықты олай алдама, жаныңдағы әншілер емес", "аузың үлкен екен, қыз балаға жараспайды" осы секілді пікірлер жазыпты. Тіпті, ол кісіні танымаймын. Содан, "сізге не керек, аузым үлкен болса, Аллаға шүкір, адам түр-келбетін сатып алмайды, Алла тағаның бергеніне тәубе"-деп жазып жіберсем, әлгі кісі қоймады, жаза берді.

Ол кісі "менде кемшілік жоқ" деп жазып жіберіпті. Ақыр соңында жазып-жазып шаршаса керек, жазғанын тоқтатты. Егер кемшілігі жоқ болса қуаныштымын. Менде ол кісіге жаман сөздер айтуыма болатын еді ғой. Бірақ, біреуді балағаттап, кемшілігін бетіне басып күнә жинағаннан не пайда? "Өзің көтере алмайтын сөзді біреуге айтпа"-деген. Сол себепті жаман пікірлерді жазбас бұрын, ең бірінші сол пікірді өзіңізге айтып көріңізші. Қалай қабылдар екенсіз немесе солай сізге біреу айтса қандай күйде боласыз? Біреуге "фу" дегеніңіз ол сіздің өзіңізге берген бағаңыз деп білемін. Сондықтан бір-бірімізге негативті пікірлер жазбай, жылы сөздер жазып, жылытып жүрейікші, дегім келеді.

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e



Бөлісу: