Сессия-нағыз депрессия!

Сессия-нағыз депрессия!
жеке
блог

Армысыз, қалыңыз қалай? Бәрі жақсы ма? Студенттік өмірді айтам, тосын сыйларға көп өзі. Тамыздың жиырма тоғызынан бастап, қаладамын. Осы уақыт аралығында әлі үйіме бармаппын. Отбасымды сағынып, сарғайып жүрмін. Шамамен он күннен кейін "от души" зытам ауылға. Қазір ІІ курс студенті болғаннан ба, білмейм, әйтеуір бұрынғыдай қорқыныш жоқ. І курс студенттерін "балмұздақтар, балапандар" деуші еді. Сол кезде, яғни бір жыл бұрын, мен үшін "СЕССИЯ-НАҒЫЗ ДЕПРЕССИЯ" болған. Түні бойы тестерді, билеттерді жаттап, кәдімгідей көздерім талғанға дейін отыратынмын. Осал жерім, шпораны қолдана алмаймын. Сондықтан тек өз басыма сенуге тура келетін. 

Қызықты бір жайтпен бөлісе кетейін, экономикадан сессияны тапсырудамын. Өзгелердікін білмеймін, бірақ бізде сессия екі рубежканың қосындысы. Нүкте, үтіріне дейін жаттап алғанмын. Міне, тестілеуді бастадым. Оп-оңай сұрақтар келуде. Мен мәзбін. Енді "тестілеуді аяқтауға" басқанда мүлдем басқа дүниені көрдім. 40 сұрақтың 33 дұрыс десін. Қалай? Қате кетпеген еді. Енді достарымнан сұрасам, жағдайларымыз бір болып шықсын. Сондағысы, сұрақтардың жауаптары өзгертіліп кетіпті. Осылай алданып қалғанбыз.

Ал, енді, аз да болса тәжірибе бар. Сессия жақындауда. Студенттерге сәттілік! Аман-есен тапсыруға тілектеспін!