Туған күнге құттықтау

Туған күнге құттықтау
жеке
блог

Ағытып пырағымен шапқан лезде,
Ағеділ уақытпенен жетті бүгін.
Ақ қардан шашу шашып жатқан кезде
Аппақ сұлу туыпты. Кепті гүлім.

Ақ дала, құттықтайды, ақ бұрқасын,
Аппақ ай да, жамылған ақша бұлтты.
Ақ тілектер ағылсын! Бақ құрасын! 
Ақ алтыным, туған күнің болсын құтты!