«Сырым бар жүрегімде» атты республикалық байқау өтеді

Алматы қаласының әкімшілігі мен Білім басқармасы­ның қолдауымен балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Сырым бар жүрегімде» атты республикалық байқауы өткізіледі.

Көркем сөз, ән-би республикалық байқауының мақсаты –  балалар мен жасөспірімдердің мәдени-танымдық, рухани байлығының тәуелсіздігі деңгейінде өткізу. Мектепке дейінгі және мектептік ұйымдарда баланы жеке тұлға тұрғысынан дамытуды, ұлттық мәдениетке, ұқыпты қарым-қатынасқа тәрбиелеуді, жаңа жас таланттарды және жастардың шығармашылық дарынын айқындауды, педагогтардың кәсіби шеберлігін көтеруді көздейді.

Сонымен қатар, республикалық деңгейде өтетін байқау төмендегідей бағытты ұстанады:

– Психологиялық қолайлы, қуанышты жағдай туғызу;

– Әр қаладан келген  балалардың  шығармашылығын,  мәдениетін жан-жақты дамытып, достық байланысын нығайту;

– Талантты жастардың шығармашылық танымдарын жүзеге асыруына қолдау көрсету;

– Ақиық ақынның жыр-әндерін болашақ ұрпақтың жүрегіне жеткізе отырып, дарынды жастар тәрбиелеу;

– Ел болашағы саналатын жастарға қолдау жасап, шығармашылық деңгейлерін көтеру;

– Жас ақын балалардың шығармашылығын дамыту, өлең оқудағы шеберлігін шыңдау;

– Би өнерін дамыту.

Байқауды өткізу шарттары:

Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:

– Көркем сөз;

– Эстрадалық вокал (соло, дуэт, трио, квартет, квинтет);

– Дәстүрлі ән (соло, дуэт, трио, квартет, квинтет);

– Аспапта орындау (оркестр, ансамбль);

– Хор;

– Хореография (ансамбль, трио, дуэт, соло).

2. Байқауға қатысатын балалардың жас ерекшелік-тері:

– Бүлдіршін топ (3-6 жас);

– Кіші топ (7-11 жас);

– Орта топ (11-14 жас);

– Жоғарғы топ (15-18 жас).

3. Марапаттау:

Топтың жасына қарай дипломдармен марапаттай­ды:

– Бас жүлде (әділқазылардың 10 балдық бағасымен есептеледі);

–  І, ІІ, ІІІ деңгейлі Лауреат (дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапаттау);

– Дипломант («Дипломант» дипломдарымен марапаттау);

Қатысушылардың жетекшілері арнайы дипломдар, алғыс хаттармен марапатталады. Өте жақсы ұйым жетекшілері және орындаушылар алғыс хаттар, құнды сыйлықтармен марапатталады.

Байқауды өткізу мерзімі:

18.12.2015ж. cағат 09.00-10.00-ға дейін катысушыларды тіркеу.

18.12.2015ж. сағат 10.00-да байқаудың салтанатты ашылуы.

18.12 – 20.12.2015 ж. байқауды өткізу күндері.

21.12.2015ж. сағат 14.00-де Гала концерт, қатысушылар мен жетекшілерді марапаттау (Өткізу күні нақты емес, алдын ала байланыс арқылы нақтыланады, 8707 820 20 69).

Өткізу орыны: Алматы қаласы, Абай даңғылы 85, Байтұрсынов көшесінің қиылысы, Қазақ Спорт және Туризм академиясының АКТ залы.

Әділқазылар қатарында: елге танымал, халық арасында беделді тұлғалар болады.

Байқауға қолдау көрсеткен: Алматы қаласының әкімшілігі мен Білім басқармасы.

Толығырақ ақпаратты бізбен хабарласу арқылы біле аласыздар.

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Фурманова 137, 18-офис 3-қабат.

Тел: 87754656701 (WhatsApp), 8707 820 20 69

E-mail: nurly.zhastar@mail.ru

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ 2015 ЖЫЛДЫҢ  16 ЖЕЛТОҚСАНЫНА ДЕЙІН ҚАБЫЛДАЙДЫ!



Бөлісу: