Электронды әмиян

Электронды әмиян-бұл сіздің ақшаңызды ғаламторда cандық түрде сақтауға мүмкүндік беретін жүйе.Бүгінгі күнде көптеген адамдар ақшаны қол әмиянында сақтайды және керек кезде содан алып есеп айырысады.Бұл бүгінгі уақытта ыңғайлы болып көрінгенімен болашақта ұмыт болып,барлық ақша сандық түрде болары сөзссіз.

Электронды әмиян қазіргі кезде қолданылмайды десек қателесеміз,қазірдің өзінде ол арқылы үйден шықпай-ақ көптеген ғаламтор дүкендерінде сауда жасап,несие төлеп,онлайн төлемдер жүргізуге болады.Бұл айтылғандар оның бір бөлігі ғана,егер тізіп шықсақ электронды әмиянның мүмкүндігі көп.Сондықтан казірден бастап бұған үйрене бергеніміз жөн.

Қазіргі кезде қолданылатын электронды әмияндар көп кездеседі.Олардың ішінен менің ұсынатындарым:Qiwi,Webmoney.Бұлардың өзіндік ерекшеліктері мен кемшіліктері бар.

Qiwi - ең ыңғайлы электронды әмиян.Бұның көмегімен көптеген қызмет түрлерін төлеуге болады.Андройдқа,Компьютерге және iPhone-ға арналған бағдарламалары бар.Соның көмегімен тез ақша аударымдарын жасап төлемдер жүргізе аласыз.Құрамында теңге де бар.Qiwi әмиян ашу үшін тек qiwi.com сайтына кіріп тіркелеміз.Тіркелу тез және оңай.Qiwi әмиянға ақшаны кез-келген терминалдардан салуға болады.Өзіңіз де төлем терминалдарын пайдаланған кезде Qiwi - кошелек деген жазуды байқаған боларсыз,соны таңдап өзіңіздің qiwi -ге тіркелген кездегі телефон нөмеріңізді жазасыз.Ескерте кететін бір жайт сіздің Qiwi әмиян номеріңіз
тіркелген кезде жазған телефон номермен бірдей боладыю.

Webmoney-өте функционалды төлем жүйесі және көп қолданылады.Бұл жерде де Қазақстанның теңгесі бар және көптеген құрылғыларға арналған өзінің бағдарламасы бар.Қауіпсіздік деңгейі qiwi-ге қарағанда жақсы.Бірақ ыңғайлылығы жағынан qiwi-ге қарағанда төмен.Webmoney-әмиян ашу біраз уақыт алады,әуелі webmoney.com сайтына кіріп тіркелесіз.Тіркеліп болғаннан кейін атестат алуыңыз керек,оны алмайтын болсаңыз ешқандай ақша аударым жасай алмайсыз.Атестат алу үшін арнайы форманы толтырасыз.Бұл біраз уақыт алады.

Электронды әмиянда ақша сақтау қауіпсіздеу.Сондықтан осы екі әмиянды да қолдануды ұсынамын. Қосымша сұрақтар болса пікір ретінде жазыңыз.

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e



Бөлісу: