O , WIFI

Құрбымның ақындық қабілеті бар екенін бүгін аңғарғандаймын . Қалай дейсіз ғой ?  Сол сәтте сабақ оқып отырғам "о, жоқ" деген ащы дауыс естілді . Бұл қызға не боп қалды деп, елең ете қалдық. Сөйтсек WIFI мерзімі біткен екен. Бұрын мұндай қылығын көрмегендіктен бе, әрі қарай не істейдіекен дегендей қарап отырып қалыппын, ол да мұны сезгендей 
 
O ,WIFI менімен егіз бе едің ?
өшіп қалсаң мен сені тез іздедім,
Саған деген махаббат шексіз еді,
Мен сені неге іздедім , неге іздедім ?
 
О, WIFI не деген үнсіз едің,
Жаулап алдың санамды үнсіз менің
Сезімдерді сен жалғап тұрмасаңда,
Сообщенияны тасымалдап тұрушы едің.
 
Сен өштің, соткам қалды жайында,
қайда жүрсең бір өзіңсің ойымда,
нендей сиқыр бар еді өн бойыңда?!
.................................................................,- деп әкетпесі бар ма ? әдетте екі ауыз сөз айтуға қымсынатын құрбымның бұл қылығына таң қалмасқа шарам болмады . Шынымен де бір сиқыры болғаны ма ??


Бөлісу: