web-бағдарламалау

Қазіргі ақпараттық-техналогия заманында web-бағдарламалауды білген адам біраз дүние істей алады.
Қарапайым сайттан күрделі сайтқа дейін жасай алу үшін web-бағдарламалауды(программалауды) білу керек.Жақсы сайт жасау үшін HTML,CSS,JavaScript,PHP,MySQL -ді білуіңіз керек,бұлар бағдарламалаудың негізгі бөлігі.
Сайт не үшін маңызды?
1.Тапсырыс бойынша сайт жасап қосымша қаражат табуға болады,ол үшін тек компьютер мен уақыт қажет барлығын үйден шықпай-ақ істеуге болады.Табысы да жақсы.Қарапайым сайттың өзі 10 мың теңгеден басталады.Күрделілері 1000$ дейін немесе одан да жоғары болуы мүмкін ол тікелей жасайтын сайтыңыздың көлеміне байланысты.
2.Егер бизнеспен айналысатын болсаңыз сізге сайт өте қажет болады.Өзіңіздің тауарыңыз немесе көрсететін қызметіңіз туралы ақпаратты сайтыңызға орналастырып табысыңызды арттырасыз.
Тұтынушылар сізді сайтыңыз арқылы тауып алады.Ол сайтта телефон номеріңіз,электрондық почтаңыз тағы сол сияқты байланыс ақпараттары міндетті түрде орналасуы керек.Табысыңыз ең жоқ дегенде 10%-ға артады.
3.Шағын блок немесе web-сайтыңыз болса жарнама арқылы жақсы ақша табуға болады.
Ғаламтордан көп хабары жоқ адамдарға бұл тыңсық болып көрінуі мүмкін,бірақ бұл шындық.Көптеген адамдар оны негізгі табыс көзіне айналдырып отыр және олардың табысы күні байы тік жүріп жұмыс істейтіндерге қарағанда бірнеше есе жақсы.Ондай табысты жандар бәрін үйде отырып істейді және көп уақыт қолдары бос болады.

Міне үш маңызды себеп сондықтан кәзірден бастап бағдарламалауды үйренейік.Мектеп бағдарламасына бұл тек аздап ғана 10-11 сынап оқыулықтарында кездеседі,сондықтан өздігімізден ізденуге тура келеді.Келесі блокта бағдарламалауды үйрететін видео сабақтарды қайдан алуға болатынын айтамын.Жалғасы...



Бөлісу: