ҚУЫРДАҚТЫҢ КӨКЕСІ

ҚУЫРДАҚТЫҢ КӨКЕСІ
жеке
блог

 Сүйінші деп қойсақ та болады.. 
Аты Албан, (бірақ сүйегі Қаракерей) Бизнес Бастау мектебінің оқушысы бауырым бір жақсы іс бастап жатыр, жақсы болғанда, тіпті керемет деп ауыз толтырып айтуға боп қалады-ау шамасы..

Осы суретті бір рет фэйсбуктағы парақшама жариялағанымда, көптеген адамдардан  "Аға, неге осындай қазақы  дәмхана ашпасқа сізге" деп өздерінің талап тілектерін жеткізіп жатты.

Өзімде де  "Қуырдақтың көкесі" деген бір идея басымда қорытылып жүрген болатын... Соны Албан  бауырыма жүйелеп жеткізіп едім, ол бірден құптап,  іске кірісті де кетті.

Алла қаласа, алдыңғы жексенбі күні жанашыр достар мен ет жақын бауырларды шақырып, "Бісіміллә" деп ас беріп, бірінші мәзірінен дәм тататын боламыз. 
Тек көшпенділер тамағы болатын болады : Таба нан, қарынның майы, балқаймақ, түйенің қара қуырдағы, бүрме қарын, құрт пен ірімшіктің түр түрі, ысталған сүр ет тағысын тағы.  
Мекен жайы Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 55. Бөгенбай батыр көшесімен қиылысқан жерде.

Қандай да талап-тілек, ақыл -кеңес, ұсыныстарыңыз бар болса Албан деген жігітке айта жүріңіздер..

Алматы қаласының әкімі Бауыржан мырза  "ә" деп аузын ашқаннан тілегін бірден орындайын деді Албан бауырымыз.

Шын мәнінде, Алматыда бір таза Қазақи кухня жоқ екен, сондықтан Албан бауырымызға қазақ болып жұмылып, рухани демеу көрсетіп жіберсек кем болмаспыз...

Алла қаласа, Алматыда осындай жерге келіп, ыстық таба нан мен қою күрең шай ішіп, түйенің қуырдағын тамсана тататын күн алыс емес деп ойлаймын..