Сұлулық құрбандықты талап етеді

Сұлулық құрбандықты  талап етеді
жеке
блог

       Алла тағала жалпы әйел затын сұлу да көрікті, ажарлы етіп  жаратқан. Ал қазір сол әдемілікке көңілдері толмай, жасанды сұлу болғысы келетін  қыз-келіншектер қаншама? Бет-әлпеті мен дене бітімдері ұнамай жатса болды, оны өзгертуге мүмкіндік зор. Қалтаң қалың болса, жеткілікті.  Соңғы уақытта, көзді үлкейту,бетті тарту, аузын үлкейту, кеудесін үлкейту мақсатында әйел атаулының көбісі пластикалық отаға жиі барады. Ал олар пышақ тиген жердің  жазылмас  дертке, жараға  айналатынын біле ме екен? Негізінен  пластикалық ота қатардағы жауынгерлердің жарасын жазу үшін  пайда болғанын бірі білсе, бірі біле бермейді.  Алғашқы дүниежүзілік соғыс  кезінде көптеген жауынгерлер мен офицерлер беттеріндегі соғыс  іздерінің  жарақаттарын  жасыру үшін  бетті әрлеу отасына жүгінуге мәжбүр  болған. Әрине, бұл өз кезегінде медицина саласындағылар  үшін  жаңа бизнес  көзінің ашылуына себеп  болды.  Осылайша, XX ғасырдың II жартысынан бастап, операция үстеліне қарттықты мойындағысы келмейтіндер мен  сұлу боп  көрінгісі келетін  нәзік  жандыларымыз  жата бастады. 

   Алайда,  отаның  бәрі үнемі сәтті шыға бермейді. Осы орайда, " Сұлулық құрбандықты талап етеді" дегенді ұрандатқан кейбір  голливуд  жұлдыздары  артық   қыламын деп  тыртық  қылғандардың кейпін кешкендері  бәрімізге мәлім. Дегенмен,  бұдан  хабардар бола тұра, табиғи заңдылыққа қарсы шығып, қолдан сұлу болғысы келетіндердің  саны көбеймесе, азаяр емес. Олар  жасандылықтың ғұмыры ары кеткенде 10 жыл ғана екенінен хабардар ма екен? Бетіңіздегі әжімді тартқызып, әдемі бола қалғаныңызбен, 3 не 4 жылдан  соң теріңіз одан  сайын  салбырап, икемге келмей қалады. Бұдан кейін екінші рет  ота үстеліне жатуға мәжбүр  боласыз. Ал бірнеше ота жасата берсеңіз, өзіңізге, денсаулығыңызға қауіпті екені айтпаса да белгілі. Сонымен, жасанды жапсырмадан гөрі, сыры кетсе де сыны кетпеген  сұлулыққа не жетсін!

 Ал сіз, пластикалық отаға қалай қарайсыз?