Сұлулық құпиялары

  Салем достар! Сіздерді бүгін сұлу көрінудің қарапайым сырларымен таныстырмақпын. Бұл тәсілдер өткен ғасырда еуропалық қыз-келіншектер арасында өте кеңінен пайдаланылған. Қыздар қауымы әрқашан әдемі болып, айналамызды таңдандырып жүргенді ұнатамыз! Ал бұл құпия деректер баршамызға әркез әдемі көрінуге көмектеседі. P/S: тек қана қыздар үшін!
- Теріңіз сергек көріну үшін күніне екі литр су ішуді ұмытпаңыз! Су ағзаны тазалап, арықтауға да көп көмегін тигізеді.
- Безеуге тіс пастасын жағып қойса тез кетеді! Ешқашан оны сығып кетірем деп әуре болмаңыз, керсінше асқындырып жібересіз.
- Қапшықтағы шай- таңертеңгі көздің ісуін және шаршаңқы көрінуін кетіреді!
- Тырнақ бояуын тоңазтқышта сақтаған абзал.
- Ас содасымен тісті ағартуға болады.
- Қас күтіміне вазелин қолданыңыз!.
- Шашыңыздан жағымды иіс шығуы үшін, тарағыңызға әтір сеуіп тараңыз.
- Көздің ісуін басу үшін суық қасық пайдалануға болады.(Қасықты алдын-ала тоңазытқышқа қойған жөн).
- Бетке арналған ең оңай маска-бал!Бетіңізге балды жағып, жеңіл түрде 15-20 минуттай уқалап, сонан соң жуып тастаңыз. Бет терісі көптеген кішкентай ұяшықтардан тұрады, бал сол ұяшықтарды шаң-тозаңдардан тазартады. Біз күнделікті бетімізді жуғанда ұяшықтардағы толған артық заттар кетпейді, соның кесірінен бетке әр-түрлі безеу, қара дақтар пайда болады! Бал маскасы осылардың алдын алады.Масканы жуғаннан кейін бетіңізге кез келген кремді жағыңыз, нәтижесіне таң қаласыз!
- Шашты жылтыратудың қарапайым әдісі- жұмыртқа! Жұмыртқаны араластырып шашыңызға жағыңыз, 1-2 минуттан кейін салқын сумен шайып тастаңыз.
- Мұз текшелерімен бетті уқалау- әжімді азайтады!
- Боялған шаш түсін өзгертпес үшін қызанақ кетчубын пайдалануға болады.
- Жаңа піскен құлпынаймен бетіңізді сүртсеңіз, секпілден арылтады!
- Ерніңізді үлкейтіп көрсеткіңіз келсе: жылтыр ерін далабына ащы жалбыз майын қосып жағыңыз!
- Теріңізді жаңарту үшін аспиринді пайдалануға болады. Көп оқырман таң қалып отырған болар, бірақ расымен де бұл маска терінің қызарғанын басып, тегістеп, тазартады. Аспириннің екі кішкентай таблеткасына бір-екі тамшы су қосып езіп, бір қасық бал қосып араластырамыз. Сонан соң бетімізге жағып, уқалап 10 минуттан соң жуып тастаймыз! Аптасына бір рет жасап тұрсаңыз теріңіздің қалай тазарып тегістелгеніне куә боласыз!
- 1-2 қасық тұзды бір стақан салқын сумен араластырып,сол қосындымен бетіңізді шайсаңыз әжімдер азаяды.
- Бет терісін тазартатын лосьонды қолдан жасауға болады.Ол үшін лимонды домалақтап турап суда қайнатыңыз, суытқаннан кейін лосьон ретінде пайдалана берсе болады.
- Кірпіктеріңіз қысқа, қасыңыз жұқа болса үпілмәлік майын (касторовое масло) жатар алдында жағуға болады. Нәтижесін бір айдан кейін байқайсыз!
- Шаш үлгіңіз ұзақ сақталуы үшін лимонад себуге болады. Бұл тәсілді Кеңес Одағы қыз-келіншектері де қолданған. Тек қана лимонад емес, қант қосылған қара шай немесе “ тәтті су” деп аталатын су мен қанттың қосындысын да лак орнына пайдаланған!

 



Бөлісу: