16 жыл ұйықтаған қыз....

16 жыл ұйықтаған қыз....
жеке
блог

Түркістанда туып, қазір Мәскеуде тұратын Нәзира Рүстемованың өмір тарихымен танысыңыз!

Ол небары төрт жасында өте сирек кездесетін, қалың ұйқыға кететін, летаргиялық ауруға душар болыпты. Көзі ілініп кеткен байғұс сәби, қалың ұйқысынан бірнеше жыл өткен соң ғана оянады. Тіпті, алғашқыда Нәзираны өлдіге санаған ата-анасы оны арулап, көміп те тастайды.

Оның кішкентай кезінен басы ауырған екен. Сөйтіп, 4 жасында түнде ұйықтап кеткеннен оянбапты.Облыстық ауруханада бір апта жатқаннан соң оны дәрігерлер өлдіге санап, мәйітті ата-анасына қайтарып берген. Нәзираны жерге көмгеннен кейін атасы мен әкесі бірдей түс көреді,түстерінде қыздарын тірідей жерге көмгендерін біледі де оны қайта қазып алады. Ауруханаға апарғанда жүрегінің өте әлсіз соғып жатқандығын біліп, оны арнайы дем беретін қапшыққа жатқызады. 

Араға 16 жыл салып Нәзира ұйқысынан оянады. Оянғаны адам сенгісіз. Бұл қалай деп таңырқап отырсаңыз ары қарай оқыңыз...

Нәзира оянар кезде түсінде телефон шырылдай береді және телефон тұтқасын көтеретін адам болмағандықтан Нәзира тұрып барып алады. Сонда сол жерде отырған 2 медбике есінен танып қалады. Сөйтсе, Нәзира бір бөлмеден екінші бөлмеге есіктен емес қабырға арқылы еш кедергісіз өтіп кеткен. 

Бұл қасиетін байқағанда оны жан-жақты зерттеген және бұл қасиеттің барлығы расталған. Ұйықтап жатқан уақытында бойы біршама өспей қалған оның бойы тез арада өсіп шыға келеді. Кейіннен ол бұл ерекше қасиетінен айырылады, есесіне, оның бойында емшілік қасиет пайда болады.

Қазір ол- аяулы жар, асыл ана.....