Есімдер сыр шертеді!

Есімдер сыр шертеді!
жеке
блог

Құлпынай! Әрине, екінің бірінде кездесе бермейтін есім. Жаңа танысуларда бірі таңданады, бірі мысқылымен күледі. Үйреніп қалғанмын,қысқасы. Ал бұл есімнің қойылу тарихынан кейбірі бейхабар.

Мен дүние есігін ашқанда әжем марқұм есімімді Қыз-немеренің ең алғашқысы Алтынайға ұйқастырып қойғысы келіпті (Алтынай деп атап, атам сол жылы дүниеден озған.Бұны атама деген риясыз көңілі деп білемін) Содан не керек, бірінші күні ақ ниеттім "Күмісай болсын есімі" деп үйге қайтқан екен. Алайда, екінші күні "Құрсын, Күмісай деген қайын сіңілім бар екен ғой, ұмытып кетіппін, ұят болады, есімі Толғанай болсын" деп қара шаңыраққа кетіпті.Анама аса қатты ұнамапты... Дегенмен келесі күн әжем тағы келіп "Толғанай деген ән бар екен, ырымға жаман" деп қайтыпты үйге. Бірақ, бірақ... Ертеңіне әжем қуанып, өз жүрегі өзінде жоқ "Елде жоқ күшті ат таптым, Қызымның атын Құлпынай қоям" деп келген екен... Рас,анам да іштей қуанып, аспанға секіруге аз қалдым дейді... Сонымен, осылай бес күн ойланып-толғанып қойылған есім бұл! 

Әр есім әр қилы сыр шертеді... Ал сіз есіміңіздің қойылу тарихын білесіз бе?