Қазақпыз ғой...

Қазақпыз ғой...
жеке
блог

Қазіргі таңда бәрі шетінен әнші, ақын, рэпер, әрі кетсе жазушысымақ. Осыдан кейін «сапасыз дүние» қалай пайда болғанын аңғармай қаламыз. Әрбір ұлы тұлғалар өздеріне тән қасиеттерімен ерекшеленеді. Яғни, жұрттың көңілінен шыға білетін батырманы дөп басады. Енді субмәдениет жайлы естіп көрдіңіздер ме? Қарапайым тілмен жеткізсек, қоғамда пайда болған шағын бірлестіктер ( топтар). Оның өзі ішінара бірнеше бөліктерден тұрады. Біздің тақырып музыкалық субмәдениетке жақын. Жастардың арасында поп ( k-pop), рок, рэп тыңдайтын, оқитындар қатары көбеюде. Бүкіліне топырақ шашпайық, әрбірінің талғамдарына байланысты дегенім дұрыс-ақ. "Қоғамдағы бар шындықты жасырмай айтатын — РЭПЕРЛЕР!" Келісесіздер ме?

Жан Ахмадиев

Осы бір тұста бірден ойыма Жан түсті. Бүкіл ғаламторды шулатып жүрген Жан Ахмадиев жайлы не білеміз? Өз басым оның шығармашылығымен сырттай ғана таныспын. Қарапайым қазақтың баласы, қазақтарға жаны ашып, шел басқан көздерін ашқысы келген. Нәтижесі, екі жерден пышақталып, аяусыз соққыға жығылып, ауруханадан бірақ шықты. МС Сайлаубек жайлы тіпті жағымды ашқым келмейді. Оны заманауи жырау арқылы естіп көріңіздер!

Жүрегінде алашты паналатып, қазақтардың қамын ойлап жүр. Шығармашылыға тек сәттілік тілейміз. Әлбетте, бұл әлемде мінсіз адам жоқ. Сол себепті артық қылам деп тыртық қылдырып алмаса жөн болады. (Алғашқыдай өз сөздерінен кешірім сұрамаса игі болар еді.)