Қыз өссе елдің көркі

Қыз өссе елдің көркі
жеке
блог

     Сүйінші! Жақында жалын баспасынан «Жас  толқын» сериясымен  «Қыз өссе  елдің көркі...» атты жинақ кітабым жарық көрді http://massaget.kz/layfstayl/debiet/proza/33192/  ең алғашқы сұхбатым осы массагет порталында жарияланған болатын,  осы жайында жүрекпен сырласу блогына жазғанымда бар еді.

Жалпы қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы, әр ұлттың өзіне тән ерекшеліктерін байқасақ біздің халқымыз бойжеткеннің абыройлы ізгілін, оның жан сұлулығы мен тән сұлулығын, ақыл парасатын, еңбекқорлығын ең құнды қасиеті деп бағалаған. Біздің қырмызы ару қыздарымызды қазақ қызы деген атқа кір келтірмей, көркіне ақылы сай, көркем мінезді бойжеткен, қылықты қалыңдық болуына үндедім. Әр адам өз заманының перзенті. Сондықтан өз заманымыздың талабына, өз ұлтымыздың салт-дәстүріне сай лайықты өмір сүру біздің де перзенттік парызымыз. Ешкім бәрін іштен біліп тумайды, өмірден көріп-білу арқылы білікті, оқып-тоқу арқылы білімді болады. Бұл орайда бізге көмекші болар, ақыл-кеңес берер кітаптар жоқтың қасы. Кітап дүкендеріне барсаңыз, онда қыз балаларға арналған бірлі жарым кітаптар кездеседі. Өкінішке қарай, олардың барлығы да орыс тілінде, ал қазақ тіліндегі ондай кітапты табу мүмкін емес. Орыс тіліндегі кішігірім энциклопедия етіп жазылған кітаптар өз халқының салт-дәстүріне негізделген. Өзге мәдениеттің, өзге танымның талап-тілегін сол күйі қабылдай беру де қиын. Міне, осындай жайларды ескеле келіп, мен өзімше ізденіп, көңілімнен шыққан әдебиеттерді пайдалана отырып, бүгінгі өзіндік жолын іздеген құрбыларыма көмектесу мақсатында осы кітапты жазуды қолға алдым. Оқып, бағасын берер деген ойдамын, ал жақсылыққа жол тартсын өз оқырмандарын тапсын...