«Өмір сынағы» & «Шалғайдағы оқиға»

Кеше Есентайдағы Кинопаркте Жетінші арнадан көрсетілетін «Өмір сынағы» және «Шалғайдағы оқиға» сериалдарының презентациясы өтті. 

«Өмір сынағы» 23 қарашадан бастап 20.00-де, ал «Шалғайдағы оқиға» 21 желтоқсаннан бастап Жетінші арнадан көрсетіледі.

Жобалар туралы қысқаша ақпарат:

Өмір сынағы

Қоюшы-режиисері: Қанағат Мұстафин Бас продюсерлер: Данияр Жәнібеков, Виржиниа Восгиморукиан Атқарушы продюсері: Мәдина Дүйсембаева Рөлдерде: Әсел Қалиева, Данияр Базарқұлов, Алмас Шаяхметов және т.б.

«Өмір сынағы» - тағдыр жазуымен мүгедектер арбасына таңылған Дананың хикаясы. Сериал сюжетіне қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандардың тіршілігі, олардың психологиялық күйзеліспен күресіп, қиыншылықтардан өтіп, жеңіске жету жолындағы еңбегі арқау болған. 1- сериясын ғана көрсемде жүрегіме қатты әсер етті. 

Шалғайдағы оқиға

Қоюшы-режиисері: Жасұлан Пошанов Бас продюсерлер: Данияр Жәнібеков, Виржиниа Восгиморукиан Атқарушы продюсері: Алмат Массалим Рөлдерде: Нұрболат Абдулин, Шынар Асқарова, Артур Төлепов және т.б.

«Шалғайдағы оқиға» - қым-қиғаш адам тағдырлары ауыл тіршілігімен астаса өріліп отыратын хикаяның басты желісі - қаладан қайтып оралып, туған ауылын көркейту, өзі үшін қымбат адамның өміріне мән берген ісін ары қарай жалғастыру жолындағы күресте айналасындағылардың аяр әрекетіне батыл қарсы тұра алған Елдостың тарихы.

Көріп, бағасын беруге шақырамын. Кеше байқағаным біздің телехикая түсіру саласында алға жылжу бар екенін анық байқалады. Бір жағынан үнді фильмдерінен адам сенгісіз қатыгездікті үйренгенше өз сериалдарымыздан өзімізге жақын дүниені қарайық! 



Бөлісу: