Сарказм саңлағының сырлы сөздері

  Сәлем достар! Өмірдегі ең жүйрік нәрсе-ой! Сол ойларды ұстап, оны нақыл сөзге айналдыру үлкен өнер. Дүниеде бұл өнердің шыңына жеткен адамдар бар. Солардың бірі-атақты польяк ақыны, философ, сатирик және ХХ ғасырдың үздік нақыл сөз шебері Станислав Ежи Лец. Оның нақыл сөздерінің адам жаны арқылы миына әсер ететін үлкен қасиеті бар! Бүгін сіздерге Станислав Ежи Лецтің нақыл сөздерін ұсынамын!

Өмір жайлы:
-Адамдар жалғыз!Себебі олар араларына көпір салудың орнына үлкен қабырғалар тұрғызады.
-Сен екі ортадағы қабырғаны құлатқанмен,бөтен адамның бөлмесінде не бітіресің?
-Біз басқа жол жоқ деп,жағдайдан шығатын жол ұнамағанда айтамыз.
-Мен өзімді адамшылықтың ең төменгі қабатына жеттім бе десем,ойламаған жерден төмендегілер қабырғаны қақты.

-Байғұс жер!Бәріміздің көлеңкеміз соған түсіп тұр.

-Көптеген бумерангтар қайтып келмейді,олар бостандықты таңдайды.
-Мақал-мәтелдер бір-бірін теріске шығарады.Осылардан “xалық даналығы” деген ой түйінделеді.
-Біз бір ғана жүйеден әлі ұзақ уақыт шыға алмаймыз,ол-күн жүйесі деп аталады.
-Заңды білмегенің сені жауапкершіліктен құтқармайды.Ал білгенің кей-кезде құтқаруы мүмкін.
-Мен шынымен де салмақты ойлай бастағанда,әлемнің қаншалықты күлкілі екендігін көремін.
-Өсектер ескірген кезде аңызға айналады!
-Өмір-жағымсыз нәрсе.Себебі одан бәрі өліп жатыр.

Адамдар жайлы:
-Кейбір адамдармен араласқаннан кейін өзімді толықтай мінсіз сезінем.
-Есінен есі барлар ғана адасады.
-Оның ар-ұяты таза,себебі ол оны ешқашан пайдаланбаған!
-Жарық пен көлеңкенің шекарасы-сенсің!

Философтың ақыл-кеңестері:
-Кей кездері өзіңді тыңдату үшін,үндемеген дұрыс.
-Әдемі өтірік пе?Тыңдаңыздар!Бұл да үлкен өнер!
-Құдай-әзілдегенді жақсы көреді!Сенбесеңіздер-айнадағы өз түрлеріңізге қараңыздар!
-Бір-бірімізді жек көрмес үшін,бір-бірімізді түсінуге тырыспайық!
-Ғылым бізді басқа жаратылыс иесі деп тапқанға дейін,өтініш адам болып қалайық!



Бөлісу: