Бәріне ұнаудың 25 қадамы

Сәлем достар! Сіздерге жаңа блогымда бәріне ұнаудың 25 қадамын ұсынбақпын.Әрбір адам мінсіз болуға,бәріне ұнауға тырысады!Бұл қадамдар сіздерді айналаңызға ұнамды қылып қана қоймайды,сонымен қатар өмірлеріңізді жақсы жағына өзгертетініне сенімдімін!

P/S:Қыз-келіншектерге арналған!!!

1.Өз кемшіліктеріңізді ұмытып,өзіңізге тән ерекшеліктеріңізді жиі ойлаңыз;
2.Үйде көп отырмаңыз,сырттағы барлық қызықтан құр қаласыз!
3.Тыңдай біліңіз,өзгенің пікірін құрметтей білу керек;
4.Сізді еске салатын иісі бар өз парфюміңізді табыңыз;
5.Қасыңызға күтім жасауды ұмытпаңыз!Көз-адамның айнасы,бірақ оның қорғаушысын да ұмытпаған жөн;
6.Жан-жақты болыңыз;
7.Қызығушылығыңыз жоғары болсын;
8.Әрқашан деміңізді жақсартатын сағыз немесе кәмпит салып жүріңіз.Жарнамадағыдай ауыздан шыққан жағымды иіс-түсіністікті жақсартады;
9.Әр қадамыңызды анық басыңыз.Жүрісіңізден нәзіктігіңіз сезіліп тұрсын;
10.Кітапты көп оқыңыз.Жан-жақты адаммен бәрінің сөйлескісі келеді;
11.Тамақ жеңіз!Себебі арықтауға сіздің қанша жегеніңіз емес,не жегеніңіз әсер етеді;
12.Тамақ даярлап үйреніңіз.Ең болмағанда бір тағам түрін жасап жақындарыңызды қуантыңыз;
13.Ешкімге ешқашан дауыс көтермеңіз,мәселені түсіністікпен де шешуге болады;
14.Жақындарыңызға кішкентай болса да сыйлық сыйлаңыз!Қолмен жасалған болса тіптен жақсы!
15.Шаш күтіміне көп көңіл бөліңіз.Жылтыраған,әдемі шашқа бәрі қызығады!
16.Тым жылтырақ емес,қарапайым,әрі сәнді киініп үйреніңіз!
17.Ақылдылығыңызды көп көрсете бермеңіз.Себебі әр сөзін нақылмен сөйлейтін адамды бәрі ұната бермейді;
18.Жаман,жағымсыз әдеттеріңізден арылыңыз;
19.Қол,тырнақ күтімін ұмытпаңыз.Адамның қолына қарап қай жаста екендігін білуге болады,және күтімі жақсы,әдемі қолды бәрі ұстағысы келеді;
20.Жиі күлімдеңіз!Күлімдеген адам күн сияқты айналасына жылу шуағын шашыратып жүреді.Ал күн шуағын бәрінің ұнататыны жасырын емес;
21.Өзіндік ерекше әшекейіңіз болсын.Кішкентай болса да өзіңізге жарасатын әшекей сұлу көрінуге үлкен үлес қосады;
22.Өзіңіз туралы көп айтпаңыз,өздері қызығып сұрасын!
23.Дене бітіміңізге көңіл бөліңіз;
24.Теледидарды,әлеуметтік желілерді аз пайдаланыңыз!Өмірде олардан да қызық жағдайлар жетерлік;
25.Бойыңыздағы талантыңызды дамытыңыз.Талантсыз адам жоқ,сіздің де бойыңызда бір өнердің барына сенемін!



Бөлісу: