Таныса отырайық!!!

Сәлеметсіздерме құрметті массагеттіктер!Менің есімім-Тілегенова Сабина Жаңқашқызы.Жасым он сегізде,болашақ журналистпін.Бұл менің алғашқы блогым!Неден бастарымды да білмедім,сол себепті өзімді таныстырып өтуді жөн көрдім.Өзімді 5 сөзбен айтар болсам:ашық,ерке,мылжың қалжыңдағанды жақсы көретін,адамдарға онша сене қоймайтын адаммын!Сондықтан да жаман әдеттеріммен,қылықтарымды сіздерге әбден үйренген соң жазармын ,өзін мақтап кетті деген пікірден аулақ болыңыздар!Алда әлі талай қызықты нәрселер жазамын деп ойлаймын.Соңынан пікір қалдырып,өздеріңізді таныстырып,қатем болса сын,ақылдарыңызды жазсаңыздар қуанып қалар едім!Достасып кетерміз деген үміттемін!Таныса отырайық!!!



Бөлісу: