"Қазақстан деген ел бар ма не?"

"Қазақстан деген ел бар ма не?"-деп сұрайтын көрінеді кей шетел азаматтары. Түсінбеймін... Сонда олар әлем картасында қандай елдің бар екенінен бейхабар ма? Сонда олар Қазақстанның әлемде жер көлемі жөнінен 9-орында екенін білмей ме?! Соншалықты сауатсыз ба?! Жарайды, барлық елдерді біліп, жаттап алуға міндетті емес дейік. Кез келген әлем картасын ашқанда Еуразияның жүрегіндей  болып тұрған біздің елімізді байқамайтын қандай "көр соқырлар" десеңші!.. Бұл жөнінде біразы "Қазақстанның экономикасы дамымаған, сондықтан  бізді ешкім де танымайды"-деп тағы сол сияқтыларды айтуы мүмкін. Біз, біліміміз әлі толық жетіле қоймаған жастар экономикадан да, басқадан да махрұм қалған кіп-кішкентай елдер жайында толық білмесек те, атын білеміз ғой, осы. Ал кейбіреулер  "Қазақстан жайлы мүлде естімеген де, көрмеген де" екен.

Енді бірі айтады: "Кей әлем карталарында Қазақстан әлі де Ресей құрамында"... Қандай масқара! Бізді ешкім танымайды деп өкпелейміз, қалай танысын басқалардың картасында осы күнге шейін шегарамыз анықталмаса?..




Бөлісу: