"Бүгін - жексенбі" мені несімен таңқалдырды?

"Бүгін - жексенбі" мені несімен таңқалдырды?
жеке
блог

Алдыңғы блогымда «Бүгін-жексенбінің» түсіріліміне баратынымды жазған болатынмын. Енді кезекті блогымда алған әсерімді жазбақшымын. Бағдарламаны әдеттегідей екі жүргізуші жүргізеді.

Бірааақ,  эфир сыртында  бір команда отыр :)

«Бүгін – жексенбінің» бағыты – ойын-сауықтық. Сондықтан әр шығарылымында әр-түрлі ойындар ойнатып, ұтқан көрерменге тиісті сыйлықтар беріп отырады.

Мұнда сахнада жүрген өнер иелерінен бөлек, басқа саланың да майталмандары келеді. «Біз  өнер иелеріне  қарағанда, басқа мамандық иелерін шақырып, олардың еңбегін халыққа көрсеткіміз келеді. Өнер иелері болса да, бізсіз-ақ жарнамаланып жүр ғой. Олардан басқа да шын таланттылардың тасада қалғанын қаламаймыз»  дейді, бағдарлама жетекшілері.

Мен барған  күні «kelin” мобильді  қосымшасын  жасаған Назарбаев университетінің  ІІ курс  студенті  Дидар Пернебаева қонаққа келді. Ол  өзінің тырнақ алды  туындысын таныстырып, студияда  қос келінді  сынақтан  өткізді.

Ааа, айтпақшы,  ұмытып барады екем :) Қос келін  деп отырғаным Маңғыстаулық егіз  жігітке  тұрмысқа шыққан егіз  ару :) Қыздар – оралдан, жігіттер – Маңғыстаудан. Бірақ,  төртеуі бір-бірімен Оралда  танысқан. Егіз келіннің  енесі кейді  келіндерім  шатастырып аламын  деп,  бір күліп алды)))

Студияда  қонақтармен әңгіме  болып  жатқанда,  жоғарыға  шығып,  продюссер  мен редакторлар отырған  бөлмеге  барып,  олардың  жұмысымен  таныстым :) Бұл жақтың аурасы  басқа,  жұмыс  қайнап  жатыр. Маған  қарауға шамалары  жоқ екен :) Сырттарынан  сарт-сұрт еткіздім  де, жөніме кете  бардым :)

Сөйтіп, екі сағатқа  созылған бағдарлама аяқталды. Бағдарлама біткеннен соң  ұжым  болып  жиналыс  жасайды да, осы  санында  жіберілген  минус-плюстерін пысықтап,  келесі  шығарылымға дайындалады. «Бүгін – жексенбі» аптасына бір-ақ рет  эфирге  шығады. Бірақ, екі сағаттық  эфирде  бір аптаның  жұмысы  көрінеді.  Барғанымда  сырт  көзге ешқандай  ағаттық байқалмады, байқамадым. Ал, енді  тақырыпқа  жауап беретін болсам, "Бүгін - жексенбі" мені несімен  таңқалдырды дейсіз бе?! Бааарлығымен) Күтіп алған  қыздардан бастап,  жүргізушілерге дейін бәәәәрі қап-қарапайым екен ;) Тағы келіп тұрыңыз дейді :)

P.S. Айтпақшы, ертеңгі  эфирді  көруді  ұмытпаңыздар ;) Күштіііі сыйлық ойнатылады ;)