Бонд енді қазақша сөйлейді

Бүгіннен бастап кинотеатрларда "007: Спектр" фильмі көрсетіле бастады. Әлемге танымал Джеймс Бонд туралы фильмдердің кезекті бір бөлімі. Заманауи киноларды жақсы көретіндер үшін бұл өте жақсы жаңалық екенін білемін. 

Бұл фильмде "Бондты жек көретін адам бар ма?" - деген сұраққа жауап іздейді. Әрі Бондтың балалық шағынан біраз ақпарат ала аламыз. 

Әйелдер қандай жігітті армандайды? Қауіпті, мықты, батыл, білімді, өзіне не керекгін білетін, сәнді әрі, әрине, қамқор. Міне, тура осы мен атаған қасиеттердің жиынтығы - Джеймс Бонд. Мұншама қасиеттің бәрі бір адамда болуы мүмкін емес, дегенмен... 

Бірінші: Сомен, бұл жолғы фильмге киноға әлемнің ең танымал, ең әдемі екі ханымы түсті. Өздеріңіз білетіндей, Бондқа қарапайым әйелдер түспейді :). Бірі Моника Белуччи болса, екіншісі Лея Сейду. Бір қызығы, жәй күлкім келді, Моникаға өте үлкен рөль берілмеген және ойнау уақыты өте аз болды. Ал бірақ, киноны жарнамалаған кезде "Моника басты ролдің бірін сомдады" деген ақпарат тарады. Бұл жерде, кино Моникаға емес, Моника киноға жарнама жасап тұрған сияқты... 

Менің назарымды аударған екінші нәрсе Бондтың көлігі мен сағаты. Суперкарлардың неге сұранысқа ие бола бастағанын енді түсінгендеймін. Жылдамдық, ептілік және көз тартарлық әдемілік.... Aston Martin жасаған көліктердің бағасы 37 млн $. Ал түсірілім кезінде 7 көлікке зардап келген... (Ал мен, мына жақта есептеп өліп жатқан жайым бар))).

Үшінші мәселе: кино жасқа байланысты шектеу 16+. Әрине бұл дұрыс, себебі әр бала Бонд болғысы кеп қаншама қателіктерге бой алдырып жатыр. Сондықтан, шектеулерге мән берген дұрыс сияқты. 

Төртінші және ең басты мәселе: АУДАРМА! Шынымды айтсам, кинодан шыққаннан кейін "НАКОНЕЦ-ТО!" деп айқайлағым келді. Киноның аудармасы, таңдалған дауыстар, үйлесімділік бәрі ұнады. Бұрындағыдай, құлағыма жақпайтын сөздер ілікпеді. Алға, қазақ тілі! :) 



Бөлісу: