Жексенбіні қалай өткізесіз?
блог
Бүгін – жексенбі. Жексенбіні қалай өткізесіз? Бааар тірлікті ысырып тастап, түске дейін ұйықтау? Жо-жооқ! Әдетте, аптаның 6 күні үйден тыс жерде өтеді. Сабақ/жұмыс/майда-шүйде тірліктер... Сондықтан жекенбі күні үйде интернетті сөндіріп тастап, тек үй шаруасын істегенді ұнатамын. Кейде ұнатпай қалсам, солай істеуге тура келеді :)
Ә, не айтпақшы едім өзі?! А, иа, айтпақшы, қазір «Қазақстан» телеарнасынан «Бүгін – Жексенбі» деген ойын-сауықтық бағдарлама көрсетіліп жүр ғой. Продюссерлері мен редакторлары, жүргізушілері ауысып, бағдарлама жаңа форматқа көшіпті. Бізде, Астанада, Қазмедиа орталығында болатын бағдарлама түсіріліміне қатысқың келсе, админстраторларымен хабарласып, қай күні келетініңді айтсаң, сені тіркеп қояды да, түсірілім болатын күні барсаң «пропуск» береді. Ал сосын Қазмедианы еркін аралаааап жүре бересің ;)
Бұл мекеме мамандығыма тікелей байланысты болғандықтан жиі барғанды ұнатамын. Дүйсенбі-жұма аралығында таң атқаннан кеш батқанға дейін у-шу, ығы-жығы адамдар. Ал жексенбіде, тағы да айтамын, рахаааат ;)
Осындай рахатшылықты сезейін деп, бір рет «Бүгін -Жексенбінің» түсіріліміне алдын-ала жазылдым. Бағдарлама тікелей эфирде болады. Бағдарлама барысында түрлі сұрақтар қойылып, ойындар ойнатылады. Бір ерекшелігі, алыстағы қонақтармен скайп арқылы байланысқа шығады. Бағдарламаны қызықты етіп Ирина Тен мен Жансерік жүргізіп отырады. Жарнама немесе бір клип эфирге берілгенде екі жүргізуші тікелей эфирде жіберген қателіктерінің арқасында «андай» сөздер естіп алады да, тікелей эфир басталғанда ары қарай дыыым болмағандай көңілді нотада жалғастыра береді. Маған сол кезде екеуінің жұмыстарына деген жауапкершіліктері мен бір-біріне деген сенімділігі қатты ұнаған болатын. Экраннан екеуі ғана көрінгенімен, эфир сыртанда бір топ кәнігі журналистер отыр. Ал ол жердегі операторлар мен жарық берушілердің жұмысы өте ауыр әрі жауапты екен. Сабақта оқытушыларымыз жарық қоюшылар туралы айтқанда «ой, олардікі оңай ғой. Тек свет жағып, өшіріп отырады» дейтінбіз. Қаааайдағыы?! «Тауықты сойса да қасапшы сойсын» дегендей, әр іске жауапты мамандары бар бағдарлама кәсіби түрде қазір жақсы нәтиже көрсетіп келе жатыр деп ойлаймын.
Тікелей эфирде ойын ұйымдастырылды. Жауабын біліп тұрмын. Хабарласайын десем, сеть занята. Сосын бір аға менің алдымды орап кетті де, сұрақтарға дұрыс жауап беріп, өзіне тиесілі сыйлықтың иесі атанды. Ай, ішімнің ашығаны-ай сол кезде ;)
Айтпақшы, бұл бағдарламаны көбісі «Таңшолпанмен» шатастырады. Өөөй, екеуі ваще екі бөлек бағытта ғой :) Тек жүргізушілері сол баяғылар демесеңіз) Мұның бәәәрін неге айтып отыр дейсіз?! Бағдарламаның инстаграмдағы парақшасынан осы аптада келетін қонақтарды көріп, бағдарлама түсіріліміне тағы да қатысқым келді. Хабарластым. Бүгін кешкісін пропускымның дайын екенін айтты ұйымдастырушылар. Сөйтіп, жаңа күнде жаңа адамдармен танысатын сияқтымын :) Ертең Маңғыстаулық егіз отбасы келеді екен. Олардың жеке өмірлері, бір-бірлерін қалай кездестіргендері маған да қызық. Сол жайлы ертең толығырақ өз ауыздарынан еститін боламын. Оған қоса, егіздермен біраз фото сессия жасайтын түрім бар хD Қызық...
Міне, мен осы жексенбімді осылай қызықты етіп өткіземін деп жоспарлап отырмын. Сіз ше, сіз жексенбіні қалай өткізесіз, Массагеттік дос?