Өмірде керек 10 лайфхак ( 1- бөлім)

Бәріңе сәлем! Күнделікті өмірде біз талай қиындықтарға тап боламыз. Алайда оны шешудің жолдары көп. Бүгін мен өмірді едәуір жеңілдететін лайфхак туралы жазамын. Бұл әрине оның азғантай түрлері ғана, бірақ өмірде керек болуы мүмкін!

1)Танысқан сәтте қыздың жасын білу үшін тікелей сұрамаңыз. Оның жұлдызнамасын сұрағаныңыз жөн. Плюс минус 12 жыл.

2)Дүкенге бармас бұрын үйіңіздегі тоңазытқышты суретке тусіріп алыңыз. Сонда өзіңізде бар затты сатып алмайсыз.

3)Егерде ағаш жиһазыңыздың сырты қажалып қалса оны аршылған грек жаңғағымен сүртіңіз.

4)Топтасып суретке тусу кезінде адамдар көзін жұмып қалмасын десеңіз, үшке дейін санап көзін ашуларын өтініңіз.

5)Егер қызға не сыйларыңызды білмесеңіз, түйсігіңізге сүйеніп зат сатып алудың қажеті жоқ. Дұрысы, оған қандай сыйлық сатып алғаныңызды тауып көруін сұраңыз. Ол өзіне ұнайтын заттарды айтып шығады.

6)Спорттық сөмкедегі жағымсыз иісті кетіру үшін оған бірнеше шәй қорапшаларын (пакетик) салып қойыңыз.

7)15 минут ішінде ұйқыны қандыруға болады. Оятқышты 15 минутқа қойып, ұйықтамас бұрын кофе ішіп алыңыз. Осы уақыт ішінде кофе денеге тарайды, ал оянған соң өзіңізді сергек сезінетін боласыз.

8)Егер ұялы телефоныңызды тез арада қуаттап алғыңыз келсе, "ұшақта" режимін қосып қойыңыз.

9)Ұйқыңызды тездетіп ашқыңыз келсе 20 секунд бойы көзіңізді қатты жұмыңыз. Осыдан соң ұйықтағыңыз келмей қалады.

10)Кез келген сұйықтықты тез суыту үшін, оны шөлмекке құйып сыртынан ылғалды сүлгімен (влажная салфетка) ораңызда тоңазытқышқа салып қойыңыз.



Бөлісу: