АСПАН

АСПАН
жеке
блог
Аспан - менің жанарым сияқты,
Жұлдызы жастай ағатын.
Аспан - менің бал-әнім сияқты,
Әуенсіз бастай алатын.

Аспан - менің тағдырым секілді,
Қайталанбайтын, киелі.
Аспан, сенің жаңбырың секілді,
Өзіңді шексіз сүйемін.

Аспан - оның құшағындай-ақ,
Аяулы әрі тым биік.
Аспан, Жерді құса қылмай-ақ,
Қойнауына,жүр,сүңгиік.

Аспан, мені жұбатпа енді,
Төбемнен бұлтың тұр төніп.
Шуақты күндер жырақта ме еді,
Көз жасымызды сүртелік!
Аспан...

Әлия Іңкәрбек