Менің арманым.

Менің арманым.
жеке
блог

Менің арманым.

Мүддесі ұлтпен үндескендердің,
Самал боп елге бірге ескендердің,
Ұлтсызға қарсы тұлпарға асау
Мінгескендердің
Тоқымы болғым келеді...

Арманы аспанға самғаған әнмен,
Бақыты рухсыз жанбаған жанмен,
Ұлтына қызмет етуден мәңгі
Танбағандармен,
Мәңгі дос болғым келеді...

Ғұмырын ұлтына арнаған жанның,
Мақсатын жұртымен жалғағандардың,
Ұлтының өсіп дамуы үшін
Қамдағандардың,
Бауыры болғым келеді...

Ұлт үшін мәңгі күрескендермен,
Туған тіл үшін тірескендермен,
Ел үшін қызмет ететіндерге
Ілескендермен,
Мәңгі бір болғым келеді...

Отан деп жаны тулағандармен,
Ісі үшін даңқты, сыйлы адамдармен,
Отан деп соғып жүрегі кеудеге
Сыймағандармен
Жолдас болғым келеді...

© Бексұлтан БАСЫҚАРА