Міне қызық: Виртуалды ақиқат (ВА) #1

Міне қызық: Виртуалды ақиқат (ВА) #1
жеке
блог

Виртуалды ақиқат (ВА) компьютерлердің көмегімен мүлде басқа кеңістікте болу иллюзиясын жасайды. ВА жасанды бейнелер мен дыбыстар арқылы сезім мүшелерін елітіп, мұның шын болып жатқан тәжірибе екеніне миды сендіреді. Пайдаланушы арнайы ұсақ бұдырлары бар қолғап киеді, сол арқылы адам расында да виртуалды нысандарды көріп, сезіне алады.

Виртуалды ойын сауықтар. ВА жүйелерінің көпшілігінде гарнитура немесе көзілдірік пайдаланушының көз алдына виртуалды әлемнің бейнесін келтіреді. Адамдар джойстиктердің, трекболдардың, басқару тетіктерінің, сөздерді ажырату құралдарының, сандық қолғаптар мен топчактардың көмегімен виртуалды әлеммен араласады.

                           Виртуалды ойындар виртуалды болмыс сноубордпен сырғанау әсерін жасайды.

Өзара ықпалдастық.

                Жас бозбала ВА көзілдірік киіп, таяқ(жезл) тәрізді тетіктің (пульттің) көмегімен виртуалды                                                                        әлеммен қатынас жасайды.

 Виртусфера. "Виртусфера"-пайдаланушы қалаған қашықтығын жүріп өтуі үшін роликтермен қозғалатын шар. Пайдаланушы жолды көрсететін және виртуалды әлемнің бейнесін жасайтын сымсыз гарнитура киеді.                      Виртусфераны көп салаларда, әскери дайындықтан мұражайлар бойынша виртуалды

                                                             турларға дейін пайдаланады.

Өнеркәсіптік дизайн. Сәулетшілер, өндірушілер мен дизайнерлер ВА-ны жаңа тауарларды немесе құрылыс жобаларын сынақтан өткізу үшін пайдаланады. Виртуалды әлемдегі сынақ нағыз жұмысты жүргізуді бастаудың алдындағы барлық мәселелерден арылуға көмектеседі.

                                         ВА көмегімен дизайнер жаңа көліктің ұсынылған дизайнын қарау үстінде

                                                                                                                   Жалғасы бар...

Пайдаланылған әдебиет: "Балалардың жаңа энциклопедиясы" ("Алматыкітап" баспасы)

Дайындаған: Атаханов Бөріхан