Ал сіз не оқисыз?

Қыркүйектің басында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Еңбекшілдер аудандық бөлімшесінің қолдауымен «Кел, жастар, оқылық!» республикалық кампаниясы аясында «Буккроссинг: өзің оқып, басқаға бер!» атты науқан бастау алды.  

Науқан мақсаты – жастар арасында оқу мәдениеті деңгейін көтеру және отандық авторларың еңбектерін насихаттау. Шара барысында жастар мен аудан тұрғындарының арасында 30 жуық кітап таратылды.

Еңбекшілдер ауданы «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі Анар Әбдінасырова: «Кіітапты оқығаннан кейін, ішінде белгі немесе түсінік жазу қалдыру қажет, сонда оны міндетті түрде оқиды! Науқан жастарды қызығушылығын таныттты, кітаптар тез тарап кетті».

 

 



Бөлісу: