Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / "Базарбаевтар" – «31-де» отбасылық комедия!

"Базарбаевтар" – «31-де» отбасылық комедия!

Өнерге әркімнің де бар таласы. Дегенмен, өнерпаз болуға талпыну аздық етер, осы жолда өз орныңды, өзіндік келбетіңді қалыптастыру басты мақсат. Әдетте, нағыз талант тарландары оған бар ғұмырын арнайды. Қалың көпшілікке КВН арқылы танылған жұлдыздар да отандық шоу-бизнесте аз емес. Олардың бірі сатира жанрында, бірі кинода, енді бірі телеарналарда бағын сынап жүр.

Әдетте, Нұрлан Қоянбаев десе есімізге КВН ойыны және Ресейдің Жоғарғы лигасында өнер көрсетіп жүрген «Казақтар» командасы есімізге оралады. Нұрланның жетекшілігімен бұл команда соңғы жылдары лиганың құрамында әдемі ойын көрсеткені белгілі. Сондай-ақ, Нұрлан мен Нұрдәулет жүргізетін «Қазақша концерт» жобасы да көпшілікке жақсы таныс. Ал, жақын күндері Нұрлан Қоянбаев продюсер ретінде кино жанрында бағын сынауда деген хабар жетті.
- КВН-да жүрген 12 жыл ішінде өте көп тәжірибе жинақтадық, оның ішінде Масляковтың Жоғарғы Лигасы біз үшін өте пайдалы мектеп болды,- дейді қазақстандық ең танымал көңілділер мен тапқырлар тобының жетекшісі.
Соңғы жылдары «31 арнада» ойын-сауық бағдарламаларының продюсері ретінде «Әзіл студио», «Қыздарай-ай», «Ризамын», «Қазақша концерт» жобаларын дүниеге әкелген Нұрлан:
- «Ендігі кезекте, осыған дейінгі жинаған тәжірибемді мен жаңа бір жанрда пайдаланып көрмекпін», - дейді.

Телевизияда «ситком» деп қысқаша аталатын (ситуациялық комедия) оқиғалар желісінен тұратын комедия, әзіл-оспаққа толы қысқа бөлімдерден тұратын телетоптама.

- «Бұл телетоптаманы қолға алмас бұрын, біз үлкен дайындықтан өттік, - дейді жоба продюсері. – Айталық, «Әзіл студио» жобасында белгілі бір тақырыпты бірер минуттың ішінде ашып беру басты мақсат болса, ситком мұндай жеңіл күлкі, жеңіл әзілге илікпейді. Яғни, мұнда тұрақты кейіпкерлер, белгілі бір оқиғалар тізбектеліп, әзілдер де соған сай өріліп отыруы тиіс. Сондықтан, КВН-ді де, телевизиядағы басқа жобаларды да осы ситкомның алдындағы дайындық, өзімізді шыңдау мектебі болды деп айта аламыз».
«Базарбаевтар» телетоптамасына түсіп, кино әлемінде бағын сынап жатқан «Әзіл-студио» жобасының мүшесі Гүлнара Силбаева да түсірілімнен алған әсерімен бөлісті. Оның айтуынша, салыстырмалы түрде «Әзіл-студиода» оқиғалар тез әрі жеңіл өрбитін болса, кинода керісінше. – «Кей сәттер ұзаққа созылады. Жалпы, түсірілім өте тез өтіп жатыр», - дейді Гүлнара.

Расында, түсірілім алаңында әдеттегідей қарбалас. Камералар мен декорация арасынан Бекжан Тұрыс, Нұрдәулет Шертім, Райхан Халиолдина, Күнсұлу Тұрғынбекова секілді танымал әртістерді байқадық. Мұндағылардың арасында ең жас актер, «Айгөлек» балалар байқауының жүргізушісі Әлихан Байсұлтановтан сыр тартып көрген едік.
Әлиханның кейіпкері - қырсықтау мінезі бар, анасының ерке баласы. Ол әкесі мен үлкен әпкесінен қаймығады, ағаларының сөзіне құлақ аса бермейді. Бұл жас таланттың кино саласындағы үшінші рөлі. Бұдан бұрын ол - «Мәңгі өмір сүргің келсе» фильміне түсіп, Сәбит Әбдіхалықовтың Абай Құнанбаев туралы 8 бөлімді топтамасында ұлы ақынның жастық шағын сомдапты. Дегенмен, бұл фильм маған қатты ұнайды, дейді Әлихан.
- «Бұл менің комедия жанрындағы бірінші рөлім. Актерлік шеберліктен тәжірибе жинап жатырмын. Кейде қобалжып қаламын, барынша тырысамын. Бұл сериал комедиялық болғанымен, тұла бойы толық әзілден тұрады деп айтуға келмейді. Әзілдің де, күлкінің де жалпы, әр нәрсенің өз орны бар. Халық өз бағасын береді деп ойлаймын» - деп тұжырымдады ойын Әлихан.
- «Мен үшін басты мәселе - жобаның қазақилығы болды» - дейді «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөсіпірмдер театрының актрисасы Райхан Халиолдина. - Нұрлан Қоянбаевпен танысқан сәттен бастап, осы мәселені бірінші сөз еттік, - деген актриса, сөзін: - Бүгінгі күні жалпы қазақ көрермендері екіге бөлінген. Ауылдағы ағайын мен қала халқы. Қалалықтар көбінесе теледидардағы қазақы хабарларға назар аудара бермейді. Сондықтан, осы екі аудиторияның да көрермендеріне қызықты болатын жоба болсыншы деп өтініш айттым. Қазір, түсірілім барысын бақылап отырып, жобаның қызықты, кез-келген көрерменге де тартымды болатынына шүбәм жоқ, дегенмен бағасын халық береді»,- деп ойын жалғастырды.
Жалпы, соңғы уақытта отандық телеарналарда оқиғаларға құрылған комедиялар аз түсіріліп жатқан жоқ. Кино мен телевизияға ортақ бұл жанрдың біздің елге жеткеніне көп уақыт бола қоймағанымен, көрермен мұндай жобаларға әртүрлі баға беріп жатыр. - «Мұндай жобалар ең алдымен қазақы нақышы басым болуы керек. Сонда ғана ол жанр ерекшелене алады, - дейді Райхан Халиолдина.
Ал, Нұрланның пікірінше, жоба міндетті түрде ұлттық бояуға қанық болады.
«Өйткені біз ең алдымен қазақы менталитетті басты назарға алдық. Қалада үш бөлмелі үйде тұратын отбасы болса да, оларға ауылдан туыстары жиі келіп тұрады. Бірінші ұлдарын Англияға оқыту үшін барын салса, содан кейін бар жиған-тергенін жұмсап екінші ұлдарын үйлендіреді. Мұның барлығы да әдетте қазақ отбасына ғана тән оқиғалар. Ал, жалпы, фильмнің «Базарбаевтар» аталуы да тегін емес. Өмірі қызыққа, базарға толы қарапайым отбасының өмірі жайлы хикая болады бұл».
«Базарбаевтар» хикаясын түсіруге Ресей мен Қазақстаннан кино саласындағы мықты деген мамандар жұмылдырылған. Түсірім алаңының декорациясын жасаушылар мен қоюшы режиссер Ресейден шақырылса, сценарийін Жаммид Көшербаев, Нұрлан Қоянбаев, Нұрдаулет Шертімдер бірлесе жазған.
- Егер бұл жоба көрермен көңілінен шығар болса, біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, тағы да қызықты идеяларды жүзеге асыруға күш саламыз, - дейді Нұрлан Қоянбаев.
Режиссердің «Мотор» деген дауысын естіген соң, түсірілім жобасына бөгет болмайық деп, біз де «Іске сәт» деген тілек айтып, студиядан шығып кеттік.

"Жұлдыздар отбасы" журналы

933 0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 04 сәуір 2012, 11:02
Тегтер: 31 арна, жулдыздар отбасы, Нұрлан Қоянбаев, Базарбаев, ситком
Пікірлер
+0
04 сәуір 2012, 12:19

Біздің қаланың орталығында осының үлкееен жарнамасы ілініп тұр :) Уақыт болса көру керек екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев