Жарнама
Арнайы жобалар

Видео ойындар және олардың пайдалары.

Видео ойындар және олардың пайдалары.
жеке
блог

Мен бірінші блогымды қандай тақырыпқа арнау керегін ұзақ ойланып, өзімнің жақсы көретін бір тақырыпты алуға жөн көрдім. Менің тақырыбым - видео ойындар және олардың пайдалары.

Мен жастайымнан видео-ойындарын ойнап өскенмін. Ата-анамның алып берген Сега атты ойын құралын ағам екеуіміздің таласып ойнағанымыз есімде. Ойланып қарасам менің кітап оқуға, спортқа немесе киноға қарағанда видео-ойындарға қайда қарағанда көп уақыт жұмсағанмын. Сондықтан да мен видео ойындарды менің өмірімнің бір бөлігі деп санаймын.

Видео ойын индустриясы қазіргі кезде өте қарқынды түрде дамып келе жатыр. Видео ойындар жасайтын компаниялардың дамуымен сол ойындардың сапасы да жақсарды. 15 жылғы ойындармен және қазіргі ойындарды мүлдем салыстыра алмайсың. Оған қоса уақыт өте келе ойындар компьютер және приставкалардан планшет және телефондарға да өтіп кетті.

Бір кейіпкердің ескі және қазіргі түрі

Видео ойындардың экономикаға әсері.

Видео ойын индустриясы басқа кино, музыка немесе кітап индустрияларымен бір дәрежеде тұр десек аз айтқан болмаймыз. Видео ойындар дүние жүзінде өзінің фанаттарын тауып жатыр. Кейбір деректер бойынша 2015 жылы видео ойындардың әлемдік нарықтағы мөлшері шамамен $90 млрд болды.

Comic-con 2014

Видео ойындардың адамға пайдалары

Жас балалардан бастап үлкен жастағы адамдардың да жүректерін жаулап алатын видео ойындардың бізге қандай әсер алып келетінін ойландым. Осылайша, ғаламтордағы осы тақырыпқа байланысты мақалаларды іздеп жатқанымда мына бір мақала көзіме түсті http://www.bbc.com/future/story/20130826-can-video-games-be-good-for-you. Ағылшынша болғанымен BBC секілді алып БАҚ-тың мақаласы пайдалы болатынына сенімді болдым. Одан бөлек тақырыбы қызықты көрінді "Неге видео ойындар сізге пайдалы бола алады?" Осы мақаланы оқып мынадай ақпаратты алдым:

Видео ойындары пайда болғалы көптеген ғалымдар олардың жастарға кері әсері туралы өз ойларын айтып кеткен. Алайда бұл тақырыптың 30 жылдай бойы талқыланып келгеніне қарамастан әлі де толық жауап жоқ. Мұның себебі бұл тақырыптағы жан-жақты зерттеулердің жетіспеушілігі. АҚШ-тағы Айова Университетінің видео ойындардың адамның психологиясы мен тәрбиесіне әсерін зерттейтін Douglas Gentile атты ғалымы "біз видео ойындар жақсы ма жаман ба деген сұрақтың орнына, қандай видео ойындардан пайда алуға болады деген сұраққа жауап іздегеніміз дұрыс" дейді.

Нью-Йорктағы Рочестер Университетінің нейрология ғылымының зерттеушісі Daphne Bavelier осы тақырыпта жасаған зерттеуі жаңа нәтижелер көрсетті. Зерттеу бойынша аптада кемінде 4 сағат экшн ойындарын ойнайтын адам күрделі ақпаратты жылдам меңгеруде, назарын қайда бағытталғанын бақылауда және тапсырмалардың арасында тез ауысуда ойын ойнамайтын адамнан жақсырақ болған. Мұның себебін ғалым экшн ойындардың жылдам әрекет ету, перифериялық көру, бір уақытта бірнеше тапсырманы игере алу, болжам жасау секілді әрекеттерді қажет ететіндігімен түсіндіреді. Бұдан басқа да зерттеулер видео ойындардың миға жағымды әсерін көрсетіп жатыр.

Онымен қоса Douglas Gentile ойындардың адамның мінез-құлығына қандай әсер беретінін білгісі келді. Оның зерттеуі бойынша просоциалды ойындарды ойнау жастардағы жанашырлық сезімнің күшейуіне алып келеді. Яғни жастар ойын ішінде басқалардың сезімдері мен реакцияларын байқау және оларға көмектесу секілді әрекеттер жасау арқылы шын өмірлерінде де өзгереді. Ал қатыгез ойындар дәл керісінше әсер алып келеді. Сондықтан да ойындарды таңдай білу өте маңызды.

 Бұл мақала мені таң қалдырды. Яғни бұған дейін маған ешкім де видео ойындардың пайдасы туралы айтпаған еді. Сондықтан да мұндай мәліметті сіздермен бөліскім келді. Ал сіздер қалай ойлайсыздар? Өз пікіреріңізді айтып кетіңіздер.

Оқығандарыңызға рахмет.