Таяуда өткен Apple-дің презентациясы туралы басты ақпарат

Таяуда өткен Apple-дің презентациясы туралы басты ақпарат
жеке
блог

Тим Кук бұрынғыдай Apple Store ашылуына байланысты қуанышты бейнероликтарды көрсеткен емес, сонымен қатар сатылым статистикасын де шығармады. Бұл презентация Apple құрылғыларында бұрын соңды мұндай көп мөлшерде болмаған жаңалықтарға толы болды.

iPad Pro

Көптен күткен жаңа Apple Watch-ты көрсеткеннен кейін, Тис Кук iPad Pro: үлкен, жіңішке әрі өнімділігі жоғары планшет туралы ақпарат берді

 ipad pro

Шынында да, бұл Apple-дің смартфондары мен планшетттері арасында ең қуаттысы болып келеді.  iPad Proалғашқы нұсқаларынанесептеу қуаттылығы бойынша 22 есе, құрамдас графика бойынша 360 есе тезірек. Айқын дәлел ретінде, егер компьютермен салыстырсақ бұл көрсеткіштер 80% және 90%-ға артық.

 ipad pro

12,9 дюймаға тең үлкен экран, ауданы бойынша толық ноутбукка сәйкес келіп, MacBook Pro Retina-ға сәйкес пиксел санын қамтиды. Планшет ішіне толық көлемдегі вируталды пернетақта сияды. Алайда, егер ол ыңғайсыз болып көрінсе, Apple компаниясы MacBook-тағыға ұқсас болып келетін сыртқы пернетақта ұсына алады. Ол планшетке магнит арқылы орнатылады.

ipad pro

Сонымен қатар айтылған құрылғы өзге қосымша бөлшектерді қосуға мүмкіндік бере отырып, ақпаратты жіберуге мүмкіндік береді.

ipad connect

Пернетақтамен қатар, стилус - Apple Pencil ұсынылады. Ол басудың, күштің, бұрыштың бірнеше түрін ажырата алады, және де минималды кідіріспен жұмыс істейді. Осыған iOS 9-дағы жазбалардағы жаңартулармен, почтадағы тіркелген файлдарға арналған аннотацияларды қосып, өзге құрастырушылардың қызметтерін ойға алсақ алдымызда жұмыс пен шығармашылық үшін мінсіз құрылғы.

pencil

Pencillightning жалғағышы арқылы қуаттандырылады, алайда компания автономды түрде қанша жұмыс істейтіні туралы еш ақпарат бермеді. Және де оның бұрын шыққан iPad-тармен жұмыс істейтіні әлі белгісіз.

iPad Pro әртүрлі үш аспектіде: офистік мәселелерінде, графикада және өнімділікте көрнекті көрсетілді.

ipad

Үлкен батарея, оптимизация мен дисплей жаңарту жиілігі өзгеруіарқылы iPad Pro бір қуаттандырылғаннан кейін 10 сағат жұмыс істейді.  Бағасы 32 ГБ үшін $799-ден, 128 ГБ үшін $1099-ден басталады. Сатылым қарашада басталады.

Apple TV

Тим Куктың айтуы бойынша Apple TV-дің болашағы бағдарламалар мен қосымша құрылғыларда.

tv

Ойдағыдай пультта мультитач-панель мен Siri арқылы телевизорды басқару үшін микрафон бар. Ол Bluetooth арқылы қосылып, акселеромер мен гироскоптың жұмысы арқылы дене қимылдарын ажырата алады, нәтижесінже Apple TV ойын консольдерінің тура бәсекелесіне айналады. Контроллер ретінде iPhone мен iPod та жарайды.

 tv

Apple TV-дің ең басты жаңалығы Siri-дің еңгізілуі. Ол топтаманың керекті сериясын, актердың аты арқылы керекті бейнефильмды таба алады.

Консоль ішінде, Full HD-мен көрсете алатын 64-разрядті чип А8 орнатылған. Жалғағыштар ішіндеHDMI мен Ethernet бар.

tv

Жаңа AppleTV-дің бағасы 32 ГБ үшін $149, 64 ГБ үшін $199. Сатылым қазанның соңында басталады.

iPhone 6s

Тим Куктың айтуы бойынша iPhone 6s мен 6s Plus алдындағы смартфондармен тек сыртқы келбетмен ұқсас, ішкі құрылысы мүлде өзгеше.

 iphone

Корпус үшін жаңа материал, жаңа түс бұл өзгертулердің ең шамалысы. Басты жаңалық - 3D Touch. Бұл бұрын сонды қолданылып жүрген Force Touch модифициланған түрі.

3d

3D Touch-тің қолданылысыiOS 9-да әр қадамда кездеседі. Бағдарламының белгісіне қатты басу көп қолданылатын әрекеттер тізімін ашады, ал карталарда – таңдалған нүкте туралы ақпарат береді.

iphone

Сатылымның басталуы – 25 қыркүйек. Егер екі жылдық келісім шарт болса бағалары: $199, $299 және $399.