Депрессиядан шығу жолдары

Депрессиядан шығу жолдары
жеке
блог

Күз- бұлыңғыр ауа райы мен қападар хал кезі. Көбіне бұл уақытта адамдар депрессияға сезімтал. Төменде депрессиядан шығудың бірнеше жолдарымен таныса аласыздар.

 

Депрессия – негізінен ауру түріне жатады. Оның үстіне «көңіл күйді түсірер сырқат» ретінде қарастырадыНегізінен адам баласының депрессияға ұшырауын психологиялық ауытқулардан немесе өкпе, реніштерден туындайтын процесс ретінде санайды. Ол бірнеше уақытқа адам баласының қатты жабығып, күйзеліске түсуін, одан әрі адамның эмоционалды тепе-теңдіктен шығуына кері әсерін тигізетін көрінеді. 

 

1. Назарыңызды басқа жаққа қарату

Егер депрессияның себебі белгілі затпен не оқиғамен байланысты болса- жұмыстағы, жеке өміріңіздегі мәселелермен, я денсаулықпен, онда сізге ең керегі-көңіліңізді басқа нәрсеге аудару.
Мысал келтірсек, егер жеке өміріңізде қиыншылықтар болып жатса, уақытыңызды барынша жұмысқа арнаңыз. Әрине, осындай жағдайда жұмысыңыз міндетті түрде қуаныш әкелу керек. Немесе, жұмысыңыз тым ауыр болып, әріптесіңізізбен не бастығыңызбен сөзге келіспей қалсаңыз, ата-анаңыздың, аяулы жарыңыздың жанында тыным таба аласыз. 

2. Хобби тауып алу
Өзіңіз ұнататын нәрселермен айналысу жаман ойлардын аулақ болып,депрессиядан шығудан бірден-бір жолы. Хобби таңдау өзіңіздің қызығушылығыңызға байланысты. Мейлі, ол кітап оқу, ән айту не сурет салу болсын.

3. Спортпен шұғылдану

Адам пассивті өмір сүрсе ғана депрессияға ұшырауы мүмкін. Себебі, депрессия мен белсенді өмір салты бір-біріне қайшы келетін ұғымдар. Сондықтан таңертең ертерек тұрып дене жаттығуларына уақытыңызды бөлсеңіз, немесе спорт залға барсаңыз, пассивті өмір салтынан арыласыз.


4. Серпімді миллионер

Депрессиядан құтылудың ең танымал тәсілдердің бірі ақшаны орайтын резеңкені қолдану. Осындай резеңкені қолыңызға тағып, көңіл күйді бұзаү, теріс ойлар келген сайын резеңкені тартасыз. Серпімділік қасиетіне орай резеңке қолыңызды урған сайын ауыртады. Көңіліңізді ауырған колыңызға аударып, жаман ойларыңыздан бас тартасыз.

5. Жылау

Егер жылағыңыз келсе, жылаңыз. Жылауда еш кемшілік жоқ екендігін ешқашан да ұмытпаңыз. Керісінше, адам жылағанда, ішіндегі барлық негативті ойларың сыртқа шығады.

6. Айқайлау

Бұл әдіс басқалармен ұрсысу деп ойлап қалмаңыз, депрессиядан шығу үшін дауысыңызды көтеріп өзіңіз жеке айқайлап алуыңызға болады. Мысалы, орманда, не саябақта. Орманға баруға мүмкіншілігіңіз болмаса, үйде музыканы қатты қосып, ойыңызды дауыстап айтыңыз.

 

Депрессиядан құтылудың біршама тәсілдерімен танысқан соң бұл күйден шығуға талпыныңыз. Осы күйден неғұрлым жылдам шықсаңыз, соғұрлым белсенді өмірге ораласыз. Депрессия – жас талғамайтын сырқат. Сол себепті де жоғардағыдай белгілерге сәйкес құбылыстарды байқап жатсаңыз шұғыл түрде дәрігерге көрініңіз.