Мен - Ғаламторда

Құрметті массагет ұрпақтары!

Блогтарыңа жолыққаныма қуаныштымын. Жалпы, менің интернет жүзінде жүргеніме біраз жылдар болды, бірақ белгілімін деп айта алмаймын. Өз жеке сайттарымды, блогтарымды аштым, ауыстырдым. Мақалалар мен әдеби шығармаларымды жарияладым. Бірақ оларды біреу-міреу оқып, қарық қылды деп те айта алмаймын. Интернет бизнес істеп көрдім, болмай тұр қазірше. Ия, ия, өзім де соны ойлап қоямын - "маған не керек осыларға бас қатырып" деп. Бірақ...

Міне жақында тағы да ғаламторға шығып кеттім. Жазамын. Хабарласамын. Бәрібір осының маған қажет болғаны ғой шамасы. Бірақ мен жақсы білемін - ғаламторда мен сияқты, қария демейін, жасы ұлғайған кісілер көп емес. Қазақ кісілер демекші едім. Оның ішінде мен сияқты ауылдың қарапайым қазағы ғаламтор дүниесінде әлі "ине жоғалғандай". Дегенмен де... біз де жаны бар, ақыл-ойы бар, пікір-көзқарасы бар осы қазіргі қоғамның бір бөлшегі екенімді сезініп жүргім келеді. Келеді.

Менің ғаламтордағы мекендерім:

https://nemosapiens.yvision.kz   -  жеке ой-пікірлерім

https://ustaz.jimdo.com  -        ұстаздық күнделігім

https://univ.blog.nur.kz  -        электрондық оқу интернет-университетім

https://twitter.com/kazteacher      

https://proza.kz/kz/author/6933     -   1991-1997 жылдары жазылған романым, өлеңдерім, мақалаларым

https://my.mail.ru/bk/kushibaruly  -  ұстаздар қоғамы

Осының ішінде таза қазақшасы осы сайт екен!!! Сайттың көркін айтсаңшы! Рақымет сендерге, айналайындар! Өздеріңе менің шынайы құрметім! Біртіндеп осында басы бүтін қоныс тебермін, Құдай қаласа, уақыт көрсетер.

Ал енді менің жазбаларыма көз сала жүріңдер. 



Бөлісу: