Шоколадтың адамға әкелер он пайдасы

Шоколадтың адамға әкелер он пайдасы
жеке
блог


Егер кішкентай бүлдіршіннен бастап ересек адамдардан күнделікті өмірде сүйіп жейтін тәттілерінің бірін сұрасаңыз, әрине шоколад екеніне көзіңіз жетеді. Бірақ сол шоколадтың адам денсаулығына қандай әсері бар? Қайырлы күн достар! Мен бүгін сіздерге осы бір тәтті туралы мәліметіммен бөліскім келеді.

Шоколад – дүние жүзінде жоғары сұранысқа ие тағам түрлерінің бірі. Бұл кондитер өнімі – какао ұнтағына оның дәмін, хош иісін келтіретін, жұмсақ консистенция беретін компоненттер қосып дайындалады.

Шоколадтың қазіргі таңда бірнеше түрі бар. Солардың ішінде кеңінен қолданатындары қара, сүтті, ақ шоколадтар. Медицинамен дәлелденгендей – какао мөлшері 70% немесе одан көп қара шоколад түрлері адам ағзасына оң әсерін береді. Ғалымдардың шоколадты зерттеуі әлі де жүргізілуде, алайда олар қазіргі кездегі сараптамалар нәтижесінде шоколад адамның қан айналымына, жүректің қалыпты жұмыс істеуіне, миына пайдасы мол екенін айқындайды. Сонымен қатар қазіргі кездегі үлкен проблемалардың бір қатарын: семіздікті, диабетті, аутизмді, Альцгеймер ауруын, тіпті ерте қартаюдың алдын алатын зор қасиеті бар. Енді мен ғалымдардың дәлелдеген қара шоколадтың нақты он пайдасын айтқым келеді.

1. Жүрек пен қан айналымның жақсаруы.

Әлдегі зерттеу түрі қара шоколадтың күретамырларға, артерияларға иілгіштікті қайтаруға көмектесетінін, Лейкоциттердің қан тамырының қабырғаларына жабысып қалуынан сақтайтынын дәлелдеді. Ал бұл күретамырлардың бітеліп қалуын алдын алады.

2. Жүрек талмасын азайтады.

Финляндия зерттеушілері шоколад жүрек талмасының болуын 17% ға азайтады деп қорытындылайды.

3. Минералға толы.

Қара шоколад адам ағзасына пайдасы зор минералдарды қамтиды. Олар: калий, цинк, селен және темір.

4. Холестериннің мөлшерін азайтады.

Какао зиянды LDL холестериннің деңгейін азайтып, пайдалы HDL холестерин деңгейін көтереді. Бұл потенциалды түрде жүрек-қантамырлық аурудың туындауын азайтады.

5. Теріге жақсы әсері.

Қара шоколадтың құрамындағы флавокойдтар күн сәулесінің адам терісін зақымдауынан қорғайды.

6. Салмақтың азаюы.

Шындығында да қара шоколад салмақты азайтуға көмектеседі. Нейробиолог Уилл Клауэр қара шоколадтың ауызда еріген шағын бөлігі мидағы “Менің қарным тоқ” дейтін гормондарды 20 мин ерте қоздырады. Сондықтан сіз тамақты әдеттегіден ерте бітіресіз және аз мөлшерде жейсіз деп мәлімдейді.

7. Ана мен сәбиге пайдасы.

Фин зерттеуі "шоколад жүкті әйелдің күйзелісін азайтады, соған орай туылған бөбектің көңіл күйі көтеріңкірек болады"- деп қорытындылайды.

8. Бұл диабеттің алдын алады.

Егер ойласаңыз, әрине ақылға қонымсыз деуіңіз мүмкін, бірақ сараптамалар көрсеткендей, какао инсулиннің сезгіштігін арттырады.

9. Миға пайдасы мол.

Flavan-3-ol ересек адамдардың есте сақтау қабілетін арттырады және шоколадтың қабынуға қарсы қасиеті миға зақым келген жерлердің жазылуына көмектеседі.

10. Шоколад өзіңді керемет сезінуіңе септігін тигізеді.

Шоколадтың құрамындағы фенилэтиламин бар және ол бір адамға ғашық болып қалғандай сезімге бөлей алады. Фенилэтиламин мидағы эндорфиндердің бөлінуін қамтамасыз етеді. Сондықтан шоколадты жегенде өзіңізді әдеттегіден жақсырақ сезіне бастайсыз. Қоса өзім шоколад әуесқойы ретінде айта кеткім келгені, тек шоколадтың кейбір түрлері ерекше жағымды келеді: меніңше бұл шоколад түрлеріне қолданылған шикізат жоғары сападағы, фермерлердің ерекше күтімімен өсірілген, шоколадтың сапасы жоғары болу үшін өз жұмыстарын ұқыптылықпен көп уақытын жұмсаған адамдармен өңделген және өз жұмыстарын жақсы көретін шоколад өндірушілерімен аяқталған секілді. Әрине, бұл шоколад түрлері кез келген жерден табыл бермеуі де мүмкін, бағасы да әдеттегіден қымбатырақ болуы ықтимал. Бірақ бұл денеңіздің саулығы мен жан раxаты үшін тұрарлық деп ойлаймын.

Қорытындылай келе шоколадтың ағзаға пайдасы зор, көңіл күйге әсері мол. Әлбетте, бұл сіздің шоколад түрін таңдауыңызға да байланысты болуы мүмкін. Айта кетерлік жайт, "пайдасы көп" деп бас салып жемей, салмағыңызға байланысты қанша мөлшерде тұтынғаныңыз жөн екендігін ескергейсіз!