Гендік терапия 21 ғасырдың панацеясы ма?
жеке
блог

Гендік терапия 21 ғасырдың панацеясы ма?

Құрметті оқырмандар бүгін сізге медицинаның дамып келе жатқан жана саласын таныстырғым келеді. Ол гендік терапия. Оқып отырған адамдардың барлығы молекулалық биологияда маман емес болғандықтан, сізге негізгі принциптарды таныстырғанды жөң көрдім:

  • Тірі организмдердің барлығы жасушалардан жасалған
  • Жасуша гендердегі ақпаратқа сүйеніп жұмыс істейді
  • Гендегі ақпарат ДНҚ кодында сақталад
  • ДНҚда сақталатын негізгі "ақпарат" нәруыздарды жасау туралы
  • ДНҚ мен нәруыздардың арасында аралық молекула РНҚ(рибонуклеин қышқылы)

 ДНҚ => РНҚ => нәруыз, бул молекулалық биологиянын негізгі қағидасы.

ДНҚ РНҚ нәруыз

Осы замандағы көпшілікке жетімді медицина негізінен аурулардаң симптомдарымен күресуге бағытталған.  Осыған қоса туа біткен генетикалық ауруларға қарсы төтеп бере алмайды. Мысалы  Глянцман-Риникер синдромы, адамның туған кезінен иммунитеттің негізгі жасушалары болмайды. Осы аурумен туған балалардын иммунитетері жоқ деуге болады, өмір бойы стерильды изоляцияда өткізуге тура келеді. Стерильді ортаға қарамастан ауру балардың көбі 1 жасқа дейін жетпей әр түрлі инфекциялардан өледі. Бұл ауруды иммуннитет жасушалары жетілуге қажет нәруыздың(аденозин диаминаза) баланын ағзасында синтезделмеуі. Аденозин диаминазаны кодтайтын генде өзгеріс(мутация) осы жағдайға әкеп соқты. Классикалық медицина осы ауруларды емдеу үшен сүйек кемігінің трансплантациясын ұсынады.  Бірақ әдісті қолдану ушін донор керек. Көп жағдайда донорды тауып алу мүмкін емес болады. Глянцман-Риникер синдромын емдеуге гендік терапия басқа жол ұсынады. Ол ауру баланың генін жөндеп, синдромды тудырған себебін тамырымен жұлып алу.

Бірақ адамның ДНҚсын қалай өзгертуге болады? Өзгертілген ДНҚ-ны калай жеткізуге болады?

Жоғарыдағы сурақтарға жауапты бәріміз біліп және қорқып жүрген вирустардан алуға болады. Вирустардың негізгі мақсаты  жасушанын ішіне кіріп өзінін генетикалық ақпаратын енгізіп "ұрпағын" жалғастыру. Ежелгі замандағы адамдар үй жануарларын қолға үйреткендей, қазіргі ғалымдар вирустарды өз мақсаттарында пайдалану жолдарын ашып жатыр.

Глянцман-Риникер синдромына оралсақ, ауруларды емдеу үшін аденозин диаминазаны кодтайтын ген салынған вирусты жұқтыру. Әрине вирустын ауру тудыратын гендері алынып тастайтын болады.

Осындай жолмен көптеген генетиклық ауруларды емдеуге болады. Гендік терапиямен осыған қоса 21 ғасырдың негізгі дерттері қатерлі ісік пен ЖҚТБ(СПИД) күресуге құрал береді. Қатерлі ісікті өлтіруге арналған вирустар, адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғыш вирусы әсер ете алмайтын иммунитет жасушалары гендік терапиямен мүмкін.

Келесі постта гендік терапияның тарихы мен түрлері туралы жазам, оқыған адамдарға рахмет. Сіз естімеген, көрмеген біраз болсын ақпаратпен бөліскім келген.