Әлеуметтік желілерді реттеу керек пе?

Соңғы жылдары әлеуметтік желілер біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Қазақстандықтар виртуалды кеңістікке күннен күнге тереңірек үңілуде. Заңгерлердің пікірі бойынша, кейбір интернет платформалардың маңыздылығы артқандығы соншалық, олар заңды түрде реттелуді қажет етеді. Сол себепті Қазақстанда әлеуметтік желілер туралы заң енгізілмек. 

Қазіргі уақытта интернетте болып жатқан мәселелер біздің елімізде  реттелмейді. Интернетте біреудің біреуге жала ақпарат беруі, кемсітуі, қауіп қатер төндіруі және тіпті өз өзіне қол жұмсауға дейін жеткізуі сияқты оқиғалардың жиілігі соншалық, бұқара көзі көңіл аударудан қалды. Бірақ та, кімде кім болсын интернеттегі  өзінің іс әрекеті мен сөздері үшін жауапқа тартылуы керек қой.

Алайда, жоғарыда айтылған пікір қарсыластарының ойы бойынша, реттелу заңы қабылданса, Қазақстан, виртуалды кеңістікте болып жатқан кез келген оқиға қатаң түрде бақыланатын, авторитарлы режимді елге айналмақ. Кейбір адамдарға интернет платформалар  өз ойын емін еркін білдіруге арналған пікір-талас алаңдарына айналды. Сол себепті, реттеу туралы заң демократия және тіл бостандығы сынды ұғымдарға күмән келтіреді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердің қолға алынуы сіздің жеке ақпараттарыңызға арнайы қызмет органдары қол жеткізе алуын білдіреді. Нәтижесінде, сіздің профайлыңыз және хаттарыңыз жүйелі түрде тексерілетін болады, ал ол өз кезегінде адам құқықтарын бұзу болып табылады.

Қазақстан интернет ассоцияцысының атқарушы директоры Асет Нурпеисов пікірі бойынша әлеуметтік желілер туралы арнай заң қабылдануының қажеттілігі жоқ, ал тек қана “бар заңдар төңірегіне қосып, егжей-тегжейлі қарастыру жөн”.

Сендер қалай ойласындар?



Бөлісу: