Сезімнің пайда болуы

Сезімнің пайда болуы
жеке
блог

Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан десе де, кейбір кезде жалғыздық өте пайдалы нәрсе болады.Негізінде, адам тек жалғыздықта ғана өз ойымен бола алады. Сондай кезде мен көп ойланамын:бітейін деп жатқан аптадағы істеріме қорытынды шығарып, келе жатқан аптаға жоспар жасаймын. Сондай бір жексенбі күні досымды кафеде күтіп отырып,басқа кафедегі адамдарға қарап,неге адамдардың бәрі әртүрлі деген ойға шомдым. Шынымен де,неге біреулер жоғары лауызымға қол жеткізсе де, сыпайы адам болып қала береді, ал біреулер ондай көп жетістіктерге жетпесе де, мұрнын көкке көтереді? Кейбіреулер Отаны үшін өмірін құрбан етуге дайын, ал енді біреулер қасындағы "бауырым" деп келген досын озінің жеке пайдасы үшін сатып кетуге дайын тұрады. Адамдарға осындай сұрақ қойсаң, көбі ол отбасының тәрбиесінен келеді деген жауап береді. Дегенмен,бұл мәселені тереңірек қарастырғанда жауапты өте көне заманның кезінде іздеуіміз керек.

"Science" журналының зерттеуі бойынша альтруизм сезімі алғашқы қауымдық ұйымдастығында пайда болыпты. Ол сезім құла далада немесе ит тұмсығы өтпейтін қалың орманда күн көріске керекті тамақ табу үшін, өз өмірін қауіпке төндіріп, аң аулауға шыққанда туындапты. Осыған қоса осы сезім көне адамның сөйлеу қабілетінің итермешісі болыпты. Ендеше неге социумның бәрі альтруист емес, неге біздің қаумымызда өзімшіл адамдар бар деген сұрақ туындайды. Ол неге байланысты? 

Осы сұраққа жауап Ричард Докинзтың "Өзімшіл ген" деген кітабында беріледі. Оның айтуы бойынша адамның денесінде өзімшіл сезімге байланысты  ген бар екен. Ол ген өзін сақтау жүйесімен байланысты. Өзімшіл дейтін геніміз тым болмаса, адамзат әлдеқашан қырылатын еді. Сондықтан ол генді қажетсіз деп айта алмаймыз. Алайда, оның адамның жасушасындағы санына қарай адамның мінезі құрылады. Мысалы адамның жасушасында сол геннің мөлшері көбірек болса, оның өзімшілдікке бейімділігі жоғарырақ болады. Бірақ, әрине, мінез-құлыптың қалыптасуын қарастырғанда, жанұядағы тәрбиені,адамның айналасындағы жамағатты да санау керек.

Сондықтан, жаман дейтін нәрсеміз кейбір кезде өмір үшін маңызды нәрсе болып шығады.

Осы блогымның соңында, менің оқырмандарыма үлкен алғыс білдіргім келеді. Бұл сендерге адам баласын жақсырақ түсінуге үлес болды дегенге үміттенемін.

Күндеріңіз сәтті және жемісті болсын!