"СӘН ҮЙІ" - БОЛАШАҚ ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ МЕКТЕБІ

"СӘН ҮЙІ" - БОЛАШАҚ ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ МЕКТЕБІ
жеке
блог

Естеріңізде болса, өткен сенбіде сіздердің назарларыңызға Шымкент қаласындағы «Сән үйінде» өткен іс-шарадан фотолар мен видеолар салып  едік. Сол күні «Бала Шоу» тележурналының тұсаукесер рәсіміне қатысып, біраз ақпарат алып айтқан болатынбыз. Бүгін сол мектеп жайлы мәліметпен бөлісуді жөн санадым. Баласы өнерлі, дарынды ата-аналар болса мұқият оқып шығыңыздар J.

Шымкент қаласындағы «Сән үйі» «Asia International» академиясының Шымкенттегі филиалы. Біздің қаламызда жұмыс жасап жатқанына 9 ай болса, алдағы уақытта Астана қаласында да ашылады деп күтілуде.  Әзірге Алматы және Шымкент қаласында ғана жұмыс жасап жатқан бұл мектепте 9 бағыт бойынша сабақ жүргізіледі. Атап айтқанда,  5 дефиле, хореография, актерлық шеберлік, фототренинг, этикет негіздері, ИЗО, вокал, визаж, психология бойынша сабақтар жүреді. Аталмыш мектепке 5 жастан18 жасқа  дейінгі балалар кастинг арқылы қабылданады. Мектепте сабақтар қазақ және  орыс тілінде жүреді.

Жақында ол мектептің тапсырысымен режиссер Шапағат Орынбаев «Бала шоу» тележурналының алғашқы серияларын түсіріп аяқтады. Түсіру жұмыстары бір айға созылған бұл бағдарлама бұрын өзіміз сүйіп көрген «Ералаш» бағдарламасының қазақша, өзіміздің менталитетке сай жасалған түрі. Сенбі күні тележурналдың алғашқы сериялары көрсетіліп, тұсауы кесілді. Алдағы уақытта телеарналардың бірінде көрсетіле бастайды. Айта кетерлігі, түсірілімге тек «Сән үйінің» оқушылары мен түлектері қатыса алады.

Сабақ балалардың мектептегі негізгі сабағына кедергі келтірмейтіндей етіп ыңғайлы уақытқа қойылған. Мұнда келген балалар 2 ай теориялық дәріс тыңдаса, 10 ай практикалық білім жинайды.

Іс-шараға көрермен ретінде келген ата-аналарды сөзгетартып, пікірін білдік. Бәрі де өздерінің риза екендіктерін, рахметтерін айтып жатты.

Өзіміз көрген кеште ән салып, сән көрсетіп, би билеген, актерлық шеберлігін көрсеткен балаларды көріп көзіміз қуанды. Жанып тұрған жастар өздерін сахнада емін-еркін, сауатты ұстай біледі. Ол да болса тәжірибелі ұстаздардың нәтижелі жұмысы деп білеміз.

Егер сіздің де балаңыз өнерлі болса, және оны қалай дамытуды білмей жүрген болсаңыз осы мектепке алып баруыңызға кеңес береміз. Таныстарыңызға да айта жүріңіз.

Мектептің мекен-жайы: Шымкент қаласы, Төреқұлов көшесі  мен Дулати көшесінің қиылысы.

Қалғанын суреттер айтсын!