Категорикалық императив?

Категорикалық императив?
жеке
блог

Өзіңізге келесі сұрақты қойыңыз: Істерімізді жақсы немесе жаман екенін не анықтайды? Бірден жауап беру қиын, рас қой. Сіздің ойынызша іс жақсы екенін білу үшін бір логикалық тәсіл бар ма? Мен Иммануил Канттың теориясын білмей тұрғанда адам істері жақсы немесе жаман екенін өзі сезіп немесе социалдық моральдік нормалары бойынша біледі деп ойлайтынмын. Бірақ Иммануил Кант, 18 ғасырдың әйгілі неміс философы, категоррикалық императив теориясы бойынша ондай логикалық тәсіл бар екен және ол істерді жақсы немесе жаман екенін белгілі жолмен қорытуға әдіс береді.

Кант Категорикалық императивті әр жерде және барлық адамдарға рас болып саналатын заң түрінде білдіреді. Канттың айтуы бойынша егр сіз істерді категорикалық императив қыла алсаңыз, онда ол істер жақсы істер болып саналады. Іс категорикалық императив бола алатынын қалай білуге болады? Ол процесс екі бөліктен тұрады. Біріншіден, сіз істің қағидатын анықтайсыз. Екіншіден, бұл іс бүкіл аралық заң бола алатынын мүмкіндігіне қарайсыз. Жақсырақ түсіну үшін біз бір мысалды қарастырайық. Мысалы, "өтірік айту" Кант бойынша жақсы немесе жаман іс болып саналатынын табайық. "Өтірік айту" істің қағидаты- адамға шындық емес, өтірік айту. Енді, бұл бүкіл аралық заң бола алады ма? Эксперимент ретінде, бұл іс сондай заң бола алады деп және бәрі оны қабылдайды деп долбарлайық. Бірақ өтірік айту істің мақсаты не? Ол басқа адамдарды саған сенетінін қылу, дұрыс қой? Онда өтірік айту бүкіл жерде қабылданса, адамдар бір біріне сенбейтін болады,өйткені барлығы шындықты айтпайтыны қабылданды. Онда өтірік айтудың несі пайда? Eгер адамдар сенбесе және оның мақсаты- адамдарды сендірткізу жеткізілмесе? Бізде математикалық дәлелдерде сияқты қойшылық шықты. Сондықтан өтірік айту категорикалық императив бола алмайды. Сондықтан бұл іс Кант теориясы бойынша жаман болып саналады. 

Ұқсас түрінде Сіз әр түрлі істерге анализ істе ала аласыз. Қызықсаңыз, онда мысалдар таңдап айтылғандай дәлел істеп көріңіз Мысалы, “Неге басқа адамдардан көшіру- жаман” екенін дәлелдеп көріңіз. 

Канттың айтыу бойынша, өз өмірлеріңізді сіздердің әр ісіңіз категорикалық императивқа айналатындай тұрыңыз. Сонда, бақытты және этикалық өмір суресіз. Солай болса, келесі жәйт жайлы ойлап көріңіз. Елестетіңіз, сіздің досыңызды маньяк қыуп келе жатыр. Ол қашып бара жатып, сіздің үйіңізге келіп, оны үйіне тығып, құтқаруын сұрайды. Сіз оны кіргізіп, есікті жабасыз. Шамалы уақыттан cоң біреу есікке тоқылдатады. Ол жанағы маньяк екен. "Ол сенде ме?" деп сұрайды. 

Сонда сіз не істейсіз?

Канттың айтуы бойынша, сіз категорикалық императив теориясымен тұруыңыз керек, сол теория бойынша өтірік айту жаман іс болып саналады, өтірік айтпау керек, сонда сіз тек қана шындықты айтуыңыз керек. Сонымен, Канттың теориясы бойынша сіз өз досыңыз үйіңіздің ішінде екенін айтуыңыз керек. Осы сұрақты Канттанда сұраған. Оның жауабы үстінгідегідей болған, әрқашан қандай жағдай болмаса да категорикалық императивпен тұру керек депті. Сонда осы жағдайда категорикалық императив теориясы бойынша досынды құтқармай бірақ шындықты айтуын керек. 

Мен бұл теорияны Сіздерге жалпы қызықты білім ретінде таныстырайын деп едім. Блогты оқығандарыңызға рахмет!