Күнделікті пайдалы болатын мобильдік қосымшалар

Сіз оқушы, студент, немесе өте жұмысбасты адам болсаңыз осы блогта тізімделген мобильдік қосымшалар сіздің ұялы телефоныңыздың ең жие қолданбалылардың бірі болуы тиіс.

Қазіргі кезде ғаламтор көптеген сайттар мен қосымшаларға толы. Алайда олардың көбісі оқуға назар аудару керек кездерінде пайда тигізбейді, керісінше уақыттырыңызды бос құртады. Бірақ осы мәселеге шешім – қайта қағаз-дәптерге көшу, комьютер мен смартфондардан алшақ жүру емес. Қазіргі сандық деректер, сандық мәліметтер заманыңда айтылған шешімдер керісінше нәтижелі емес, себебі топтық жобалар, зерттеу жұмыстарына ғаламтор мен комьпбтерлер қажет.

Осыған қарамастан, мұнда мыңдаған қосымшалар сіздің білім алуыңызға кедергі келтіргеннен бұрын көмек көрсетеді. Осыған орай сіздерді бірнеше мобильдік қосымшалармен таныстырғым келіп тұр. Осы қосымшалар сіздің уақытыңызды үнемдеуге, ұқыпты даярлауға және еңбек уәждемеңізді сақтауға арналған тәсілдерге толы.

*Блогым бірнеше бөлімнен тұратын болады:

1. Күніңізді бастауға арналған қосымшалар

2. Топтық жобаларға арналған қосымшалар

3. Сабақ үстінде қажетті қосымшалар

4. Жоба жазуға көмектесетін қосымшалар

5. Оқу барысында пайдалы қосымшалар

 

Күніңізді бастауға арналған қосымшалар

Күнді дұрыс бастау ең маңызды іс – егер сіздің уәждемеңіз түсіп, ұйқыңыз қанбай, қабағыңыздан қар жауып тұрса, әлдебір істі бітіру өте қиынға түседі. Осы жағдайға келесі қосымшалар көмекке келеді.

  

   1. SleepCycle (СлипСайкл)

Университетте ұйқыны қандырып оянатын күндер сирек кездеседі. Түнгі сабақ оқу мен таңғы лекциялар уақыт арасында толық күш жинауға мүмкін емес бола алады. Сондықтан, егер осы уақыт арасында толығымен жаңара алмасаңыз, ояну тұсыңызды жеңілдету қажет. Осыған орай SleepCycle қосымшасы тиісті болып келеді.

Бұл қосымша сіздің ұйқы кезеңізді қадағалай отырып, ең тиімді ояту кезеңің таңдап оятқыш қосады. Слипсайкл сізге керек уақыттан ертерек оятуы да мүмкін, тек егер ұйқыныз қанса керек.

 

  

   2. Any.do (Эни.ду)

 Ал енді оянып есіміз жиналған соң, қажетті қадам – куннің жоспарын құру. Дегенмен бәріміздің оқудан басқа да істеріміз көп. Оның бәрін есте сақтайғаннан отырып, қайсысы осы күнге басым болып келетінің да білу қажет. Осы кезде Эниду қосымшасы көмекке келеді.

Эниду қажетті істеу керек жұмыстарыңызды есте сақтай отырып, істің маңыздылығына орай сұрыптайды. Осыған қоса жоспарларыңыз бүкіл электрондық көмекшілеріңізде сақтай аласыз. Бұл функция маған ең пайдалы болып табылады, себебі компьютермен жұмыс істеген ыңғайлы болып табылғанымен алайда күнделікті ұялы телефонды тасыған оңайрақ.

 

   3. Feedly (Фидли)

Күн басталмас бұрын көбіміз жаңалықтар оқығанды ұнатамыз, оған қоса жан-жақта болып жатқан жағдайлар мен оқиғаларды біліп жүрген қажет деп есептеймін. Фидли осы жағдайға менің басты көмекшім болып табылады.

Бұл қосымша сізге керекті сайттардан, электрондық газет-журналдардан, желілерден жаңалықтарды жинай отырып, ыңғайлы түрде көрсетді. Осыған қоса BlinkFeed (БлинкФид) атты қосымшаны ұнатамын, алайда бұл қосымша HTC смартфондарында ғана бар.

 

Сонымен, осы жолы сіздерге телефондарыңызғы пайдалы қосымшалардың бір тобын атап өттім және де осы топқа қосар бір қосымша ол - радио не музыка. Таңды музыкамен кездестіріп, пайдалы өткізіңіздер!

Осы қосымшалр міндетті түрде болу керек емес, пайдалы болу мүмкін деп бөліскенім. Егер де осы блогты ұнатсаныз және жалғасын күтсеңіз, пікір калдыруыңызды сұраймын.

P.S. Бүкіл қосымшалар тегін емес. Қосымшалардың бәрі де ағылшын тілінде. Осы қосымшалардың басқа да нұсқалары бар.



Бөлісу: