Бананның зор пайдасы

Күнделікті жеп жүрген банандардың сіздің денсаулығыңызға зор пайдасы бар екенін білдіңіз бе? Осы мақаладын кейін банандарды одан да сүйіп жейтін боласыз!

1. Банандар депрессиямен күресуге көмегін тигізеді. Олардың ішінде көп мөлшерде триптофин деген нәрсе бар, ал одан серотонин – бақыт гармоны бөлінеді. Сондықтан банан жеп алып көңіл-күйіңізді көтеруге болады.

2. Банандар – тіпті сәбилерде де аллергиялық серпіліс бермейтін бірден-бір жеміс.

3. Банандар сүйектерді қатайтады. Олар кальцийді ағзада қалдырып, оны сүйектерді қатайтуға қолдануға септігін тигізеді. Бұл кофе ішуді ұнататындарға өте маңызды, себебі кофе кальцийді керісінше ағзадан шығарады.

4. Ішектің микрофлорасын нығайтады. Банандардың құрамына кіретін ферменттер тамақтың тезірек қорытылуына көмектеседі. 

5. Банандар қыжыл (изжога) сияқты дерттен арылуға көмектеседі.

6. Бананның құрамындағы калий бұлшық еттердің кұрысуынан кұтқарады. Бұл өздерінің көп уақытын денесін шынықтырумен өткізетіндерге өте маңызды.

7. Керемет энергия қайнары. Таңертен банан жеп алсаңыз қаныңыздағы қант деңгейі ұзақ уақыт бойы керек мөлшерде сақталып тұрады.

8. Ас қорытуын жақсартады. Банандардың құрамындағы пектиндар мен хелаттар ағзадан токсиндер мен басқа да зиянды нәрселерді шығарып, сол арқылы ас қорытуын жақсартады.

9. Анемия кезінде көмектеседі. Құрамындағы темірдің молдығы бананды қаны аз адамдарға ең керекті азықтардың бірі қылдырады.

10. Жүрек ауруларының алдын алады. Бананның ішіндегі калий жүрек көк тамырларын нығайтып, инфаркт пен инсульттын қатерін азайтады.

11. Иммунитетті нығайтады. Банандардың құрамына антиоксиданттар мен аминоқышқылдар кіреді, ал олар ағзаны қорғап иммунитетті нығайтады.

12. Бүйрек ауруларынан сақтайды. Банандардағы пайдалы нәрселер, микроэлементтер, және витаминдер бүйректің жағдайын жақсартып, ішіндегі тастар мен құмдарды сыртқа шығарады.

13. Жүрек айнуы кезінде көмектеседі. Жолда жүрегіңіз айныса банан жеп оны тезірек кетіруге болады.

14. Масалардың шағуынан кейінгі қышуды кетіреді. Бананның сыртын маса шаққан жердін үстінде бірнеше минут ұстасаңыз барлық қышуды кетіреді.

15. Қатты ыстық ауа-райында көмектеседі. Банандар дене температурасын азайтады, сондықтан ыстық кездерде банан жегенініз дұрыс.

16. Темекіні тастауға көмектеседі. Темекі шегуді тастағысы келіп жүрген адамдарға банан жегені дұрыс. Себебі банан құрамындағы витаминдер, калий, магний ағзадағы никотинді шығаруға септігін тигізеді.

17. Ойлану қабылетін арттырады. Бананның құрамындағы калий адамды жаңа инфомацияны қабылдауға көмектеседі және есте сақтау қабілетін жақсартады, ал бұл болса емтихандарға дайындық кезінде өте маңызды.

18. Ұйқысыздық кезінде көмектеседі. Бананның ішінде триптофан деген аминоқышқылы бар. Ал ол болса табиғи ұйқтататын дәрі.



Бөлісу: