Сіз үшін тағы не істей аламыз? (с)

Сіз  үшін тағы не істей аламыз? (с)
жеке
блог

Сәәәәлем, достаааар! Қалдарыңыз қалааай? (майысыыып, ұялып тұрған смайлик ;) 

Университет - үлкен өмірдің алғашқы баспалдағы. Дәл осы оқу ордада сенің болашағыңа деген қадамдар жасалады. Жоғарғы оқу орнына түсерде мамандықты әрқайсысымыз әр түрлі критерийлар бойынша таңдадық. Мысалы, біреуі бала кезден армандаған мамандығына түссе, тағы біреуі қай мамандық бойынша грант көп бөлінген, соған барды. Енді бірі, балының азына қарамай, балалық арманын мақсатқа айналдырып, ақылы бөлімге түседі. Мен осылардың ішінде үшінші буындағы адаммын xD Хе, жарайды, мен туралы сәл кейінірек ;) Бұрынғы жазбаларымда өз мамандығымды қалай армандасам, қазір керісінше, бас кешіп кетуге дайын тұрғандаймын. Бұған ортаның да тікелей әсері бар десем, қате болмас. А, иә, "бәрі адамның өзіне байланысты" деген пікірдегілерге қосыламын. Бірақ, толық емес...

Таңдаған мамандығым жаңа медиа болғандықтан қазір IT-мамандарының жұмысына қааатты қызығып жүрмін. Қызығушылығымды іс жүзінде де байқап көрдім. Бірақ, бұл салада арнайы білімім болмағандықтан ішімдегі қызығушылық туылмай жатып өліп қалған болатын:(((( «Екі қайықтың басын ұстаған суға кетеді» демекші, айтишниктерге қызығып-қызығып, қайта өз мамандығым бойынша жұмыстарды жалғастырып жүрмін.

Тым ұзақ болып кетті ме?! Қазір тоқетеріне көшемін :) Осыдан біраз уақыт бұрын Бақтияр  есімді қолданушы "2- курс студенті 1000 АҚШ доллары  көлемінде  айлыққа  жұмыс  жасай ала ма?" атты блогын  жазған еді ғой.  Автор кезекті блогында өз тәжіребиесімен бөліскісі келген болатын. Осы блогты оқығаннан соң бірден әлеуметтік желіден авторды тауып, сөйлесіп, ақылдасып, бір шешімге келдік. Сонымен, ертең сіздерді Бақтияр  Алемгер   өткізетін кішігірім  тренингімізге  шақырамыз. Ну, еркін  форматта  өтетін  болады. Егер  қызығушылық танытсаңыз, келіп  қатысуыңызға  болады. 

Дәл осы  жерін  кішкене  ресми  жиындардағы  оқылатын  тонмен  оқу  сұралады ;) 

Өтетін орны: Астана  қаласы, Янушкеевич, №1

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия  Ұлттық университеті, Журналистика  және Саясаттану факультеті , № 311 кабинет. 

Уақыты: 19. 09. 2015

Басталуы: 17.00 

 Сұрақтар бойынша  байланыс  телефоны: + 7 702 275 75 11; + 7 747 711 75 11; 

 P.S. Біздің  корпусты табу  қиын. Жан-жағыңыздағылардан "Журналистика  және Саясаттану  факултеті қайда?"  деп сұрасаңыз "ФСН-де" деп жауап береді. "ФСН  қайда?" десеңіз, "ЮрФАКтың  артында" десе, таң  қалмаңыз. Сондықтан қазір егжей-тегжейлі  түсіндірейін дегенім ғой. Тренинег (ну, прям  үлкен емес, шағын) өтетін  корпус "ФСН" деп аталады. Ол "Отырар"  кітапханасының артында  орналасқан. Егер № 60, 73, 49 бағдардағы  автобустармен келетін  болсаңыз "Отырар" аялдамасынан  түсесіз. Ал №40, 22, 14, 9, 5 бағытындағы  автобустармен келетін  болсаңыз "Спутник" ("Қазақстан") сауда орталығынан  түсесіз. 

P.P.S. Блогты соңына дейін  оқығандарыңызға ризашылығымды  білдіремін. Және сіздерді ертең  универде күтемін :)