Эстафета - сауалдар

Эстафета - сауалдар
жеке
блог

Розатай қалқа маған эстафета ұсынып не стандартный сұрақтар қойған екен, жауабы төменде.

1. "Мысли материлизуется" дегенге қаншалықты қосыласыз? Жалпы, өз ойыңыз, мысалдар жазсаңыз, тіпті жақсы.

 Қазір адамның ой-түйсігінің материалдық әлемге әсері жайлы кітаптар көбейіп кетті. Осыдан екі-үш жылдар бұрын қаланы былай қойғанда, ауылдың келіншектері мен кемпірлерінің бірі қалмай, «Секрет» деген атаумен шыққан деректі фильмді көріп алып, шеттерінен ақылгөй болып кетіп еді. Кімге барсаң да «тек жақсылықты ойлау керек, тек жақсы сөздер айту керек» дегендей лекция оқып кететін. Бірақ көп ұзамай-ақ соны өздері де ұмытып кетті)).

Өзім де сол фильмді көріп, артынан осы тақырыпта бірнеше кітап оқып шыққаным бар. Осы идея негізінен Батыстан келіп жатыр. Қандай мақсатта таратылып жатқанын білмеймін. Жеке басым бұл пікірлерге толық қосыламын. Таңғажайып мысал іздемей-ақ қояйын. «В начале было Слово, и Слово было Богом» деп басталады Інжіл кітабы. Мұндағы сөз – мән. Материя мәнге бағынады. Жалпы көп діндердегі медитация, тіпті намаздың өзі осы ойды реттеу үшін жасалады.

 2. Гендерлік саясатқа қатысты: егер сіздің жарыңыздың қабілет-қарымы мықты және оның табиғаты "карьеристка" болса, не істейсіз? Демеп, жұмыс істеуіне мүмкіндік бересіз бе, әлде?

 Маған салса әйелдің үйде болғанын қалар едім. Бірақ, егер әйел шынымен карьеристка болып шықса ол бәрібір дегеніне жетеді ғой. Тем более сен айтқандай қабілет-қарымы күшті болса маған да шамасы жететін шығар. Ондайларға қарсы шығып береке таппайсың:)) Расын айтсам, көмектесер едім – девойлайм енді.

 3. Біздің қазіргі журналистикамызда әсіреқызыл сөз көп екен сіз де, мен де білеміз. Тек қана ақпаратты сауатты жеткізу стиліне көшу және ұзын-сонар "толғау" мақалалардан арылу үдерісіне қалай қарайсыз? Осыны тездету үшін не істеуіміз керек? (білем, бұл - уақытпен келетін дүние, тек сіздің ойыңызды білгім келеді)

 Иә, қазақ баспасөздері тіл, ұлт, діл деген сияқты тақырыптарды орыстардан көрі жиі қозғайды. Ал бұл тақырыптар эмоцияны қажет етеді. Сондықтан онда ақпараттық мәннен көрі жалаң сөздер, банальный түсініктер көп кетеді. Бірақ мен бұдан дереу арылу керек деп ойламаймын. Егер қазақстандық билік біз тәуелсіздік алған жылдары ақ отарсыздандыру саясатын жүргізген болса қазір қазақтілді БАҚ-тың әңгімесі мүлде басқа болар еді. Көбіне әлеуметтік, экономикалық тақырыптарды талқылап жатар ма едік, кім білсін. Дегенмен мемлекет отарсыздандыру саясатынан бас тартқандықтан тіл, діл, ұлт деген сияқты тақырыптарды әркім қалауынша мұжып, берекесін қашырып жіберген сияқты. Бұл әдет кейбіреулерге ұнамағанымен оны ешкім бірден жойып жібере алмайды. Бұл өзі жеке адамның психикасында кездесетін «комплекс неполноценности» сияқты құбылыс шығар. Так что, бұл үрдістен құтыламыз деп  асығудың қажеті жоқ, толғағы жеткенде ғана құтыламыз.

 4. "Қазіргі қазақ журналисі кешкі 7-ге дейін редакцияда тапжылмай отыратын, бас редактордың тапсырмасымен ғана жұмыс істейтін маман" деген пікірге келісесіз бе? (Бұл пікір "Керекинфо" блогтұғырында айтылды)

 Меніңше бұл қарапайым логика. Кез келген журналистік ұжым мүшелерінің өзіне тиесілі функциялары болады. Газетте де, радиода да, телеарнада да бал жинаушы ара секілді, ақпарат жинап әкелетін адамдары болады. Солар жинап әкелген шикізатты өңдеп эфирге, газет бетіне ұсынатын дикторлар, жүргізушілер, аналитиктер болады. Қысқасы әркімнің өз міндеті бар. Другое дело, «қазіргі қазақ журналисі қандай шараларға барады» деген сұрақ қойылса түсінуге болады. Шыны керек, үлескерлердің дауы, коммуналды қызметтер, мұнай-газ компанияларының есебі деген сияқты тақырыптағы жиындарға қазақтар аз барамыз.

 5. Сіздің ұялы телефоныңыздың, көлігіңіздің, қызметтік куәлігіңіздің нөмірлері қандай? (бұл енді қалжың сұрақ )))))))))

 Ұлы телефоным: 87777793107 (хат жазып тұр),

Көлігім: В 015  YWN. Маркісі: S60, вольва (Кілтсіз ұрлау мүмкін емес).

Үйімнің нөмірі 78 (келіп тұр).

Қызметтік куәлік: 54.

Рнн: 00000001

удост серия: 9999999,

Банктегі есепшот: 5555555(ақша сап тұр)

Сик: 77777777(зейнетақыма тиіспе).

Диплом: 1234567.

 

Мына сұрақтарды Димаш деген деген ініме, туған жерлесіме қойсам:

 

1) Біз қазақты ұлы халық деп атаймыз. Ой, несін айтасың, бірлігі жарасқан, базары тарқамаған ұйымшыл халық болған дейміз. Бөскен кезде біраз жерге барасың ғой. Бірақ сталиндік қырғында көршісін, туысын, досын сатқын деп ұстап берген, болмағанды болды деп жазып куәлік берген өзіміздің қазақ қой.  Жоғарыдан келген тапсырманы он есе артығымен орындап, бір адамның орнына он адамды шпион деп ұстап берген өзіміз. Мұндай мысалды әлемнің басқа ешбір халқынан кездестіре алмайсыз. Неге?

 

2) Елбасының сөйлеген сөздеріне қарасаң, ауызекі тұжырымдарына қарасаң мәселені сол кісіден артық түсінетін адам жоқ секілді көрініп кетеді. Бірақ де факто бәрі керіcінше болып жатыр. Неге?

 

3) Адамның көңіл күйі кейде ешбір себепсіз-ақ шарықтап кетеді. Кейде себепсіз құлазиды. Көңіл күйді бағындыруға бола ма?

4) Адам ыстық тамақ ішкен соң ұйқысы келеді. Неге?

5) Үшке бесті қосса қанша болады?

 

Эстафета кезегі Dinmukhamed-те.