Мен нағыз махаббатты қалаймын!

Мен нағыз махаббатты қалаймын!
жеке
блог

Мен нағыз махаббатты қалаймын,

Жанарда мұң ешқандай байқалмайтын

Сезіміміз күн өте шайқалмайтын...

Басқа жандар бізге қарап тамсанатын,

Бір-бірімізге сезіммен əн салатын,

Көрмесек аз уақытта сағынатын,

Бірімізге-біріміз бағынатын...

Қандай сəт болсын бірге табылатын,

Жаман мінез, жаман ойдан арылатын

Қорған болып қорқыныштан қорғайтын

Жүрегінде басқаға орын болмайтын

Сезімді тек шын жүректен жырлайтын,

Бүкіл əлем, бүкіл адам аңсайтын...

Мен нағыз махаббатты қалаймын..!

Əсия Құрманбай