Әне-міне дегенше "ЖАЗ" мезгілі де аяқталды!
жеке
блог

Әне-міне дегенше "ЖАЗ" мезгілі де аяқталды!

Бұл Жаз(да) өтті...

       Күн жылып, құстар сайрап, төбемізде күн нұры мен шапағатын шашып, сулар сылдырап, адамдар жайраңдап, айналамыз жасыл керемет көрініске бөленіп еді, енді міне көзді – ашып жұмғанша 3 айда өте шығыпты. Уақытты тоқтата алар емеспін, зымырап өтіп жатқан уақыт-ай. Уақыт деген сенің еншіңе қарамай ақ өте береді екен ғой.

Жаз керемет мезгіл ғой шіркін. Талай ғашықтарға отау тіккізген, талай сүйіктілерді қосқан, қызықты уақыттарды өткізетін, нағыз қыдыратын мезгіл ғой (ең бастысы, ең күштісі, ең қызығы қауын, қарбыз, әңгелек, көөөөөөөп жеміс-жидектер жейміз))). Кешкі самал, таңғы иіс пен нұр бәрі бәрі тамаша!