Асхана ханшайымы(Байқау)

Асхана ханшайымы(Байқау)
жеке
блог

Мiне, байқау өз мәресiне жетті. Шынымды айтсам маған бiтпестей көрінген . Ех, уақытта зымырап өте шықты. Алғашында толқу сынды сезімдер де болды, бірақ бәрі артта қалды. 

Мен бұл байқауға қатысып қана қоймадым, өзімді өзім жеңдім. Бастысы көптеген достар таптым. БIз Қазақстанның әр бөлігінде тұрсақ та бiр-бiрiмiзбен бауырдай болып кеттік. 

  Мақсатқа жетер жол өте қызықты болды. Өзге қатысушылардың да осал емес екеніне көзім жетті. Түсінгенім, бəсекелестік бар жерде сапа да болады екен.
  
  Ал мақсат қояр кезде мен үйреншікті тағамдардан қарағанда көптің қолынан келе бермейтін, дəмханадан ғана көретін тағамдарды жасап үйреніп, отбасым неге бір қуантпасқа деп ойладым. Солай əлем елдерінің тағамдарын жасауға бел будым.
  
   Байқау барысында Үнді, Жапон, Орыс, Түрік жəне Ағылшын елдерінің тағамдарын жасадым. Еңбегім еш кетпеген сияқты. Əрқашан оқырмандардың ыстық ықыласына бөлендім.

   Жасаған тағамдарымның ішінен ең ұнағаны - Түріктің пахлава тəттісі болды. Осы тағамым көпшілікке ұнап, апталық рейтингте 1 орынға шықтым əрі Массагет футболкасына ие болдым. Бұл байқау арқылы өзімді жаңа қырымнаң таныдым.

Массагет ұжымына алғысым шексіз!!!