Авторлық мәзір:"Euphoria"(Байқау)
блог
Сәлем Массагеттіктер!
Байқаудың соңғы аптасы да келіп қалды,массагет тілшілері де соған орай тапсырмалар берді.Маган берілген тапсырма «авторлық мәзір» болатын.Әрине, талапқа сәйкес құрамын өзім ойластырдым.Құрамындағы әр нәрсе жайлы да біраз ақпараттар да білдім.Мен бұл тортымды «Euphoria» деп атадым. Ол «Шабыт» деген мағынаны білдіреді.Себебі,осы тортқа қараған сайын шабыттана түсемін!Ал,ендеше осы тортты шабыттана отырып,сіздермен бөліссем!
Құрамы:
Қамыр үшін:
Жұмыртқа – 5 дана Сарыуыз қамырды көпіртеді де, ақуыз қатайта түседі.
Қант – 75-100гр. Қант көпқосылса қамыр ауырлайды да, нашар көтеріледі, пісіргенде көтерілмей жайылып кетеді.
Қопсытқыш,ас содасы(ас содасына аздап уксус қостым) – 15гр. Ол қамырды көтеруге көмектеседі
Майонез – 190гр. Қамырымыз тез көтерілу үшін
Ұн(жоғары сұрып) – 14ас қасық Қамырдың негізгі құрамдас бөліктерінің бірі,тіпті ұнсыз қамыр шықпайды деуге де болады.
Қамырды пісіру үшін:
Сұйық май
Асхана қағазы
Қысқа толқынды пеш
Крем үшін:
Сүт – 250мл.
Май – 80гр.
Крем ұнтағы – 100гр.
Алдымен жұмыртқаны жарып,араластырамыз
Одан кейін оған қант қосып,ерігенше араластырамыз
Енді қопсытқыш қосамыз
Шәй қасығына ас содасын салып,үстіне аздап уксус қосамыз.(Уксусты пайдаланғанда абайлағаныңыз жөн!)
Жоғарыда қосқандардын барлығын бірге араластырамыз
Қамыр көпіршікті болып шығуы тиіс(суреттегідей).
Оған майонез қосамыз
Сонынан ұн қосып,барлығын жақсылап араластырамыз
Дөңгелек пішінді табаға асхана қағазын салып,майлаймыз және оған қамырды құямыз 180º -та 20минутқа қысқа толқынды пешке қоямыз
Ендігі кезекте крем дайындау.
Ол үшін бізге крем ұнтағы қажет.
Сүтке май,шоколадты крем ұнтағын қосып,қоюланғанша араластыру қажет
Дәл сол сияқты сүтке май,сүтті кремді қосып,қоюланғанша араластырамыз.
Бұл уақытта тортымызда дайын болады.Крем жағардан бұрын,торттын бетіне аздап балқаймақ(сгущенка)жағып жіберуіңізге болады.
Торттын бетіне крем жағып,қалауыңызша сәндеуіңізге болады
Астарыңыз дәмді болсын!!!