Алға өнерлі қыз Назым

Мен "Томирис" тобының мүшесі Сапарова Назымды қолдап блог жазып отырмын. Мен Назымды алғаш рет "Би Олимпі" фестивалінде көрдім. Назым "Інжу Маржан" би тобының бишісі болған. Өте жақсы билейді. Сыртынан танитынмын.Кейін аймақтық пәнаралық олимпиадада көрдім. Назым Қазақстан тарихы пәнінен бірінші орынды иеленіп, аудандық кезеңге өтті. Аудандық кезеңнен құр алақан қайтпай, үшінші орынды иеленді. Осы жылы ауданымызда "Ақмола жұлдыздары" көркем өнерпаздар байқауында Назыммен танысып, жақсы араласып кеттік. Назым "Халықтар достастығы" биінде корей ұлтының биін өз тобымен биледі, ал мен татар биін өз тобыммен биледім. Назым өте жақсы қыз. Сабағың жақсы оқумен қатар, қоғамдық іс-шараларға қатысады. Осы байқауда да жеңіп шығады деген ойдамын.



Бөлісу: