Абайды білмек парыз ойлы жасқа (байқау)

Абайды білмек парыз ойлы жасқа (байқау)
жеке
блог

Абай 10 тамыз 1845 жылы Қазіргі Семей облысының Шығыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің екіншісі Ұлжаннан туған.

Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты.

Болашақ ақын сабырлы мінезі мен, кең пейілімен ел анасы атанған әжесі Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз – ертегілерін тыңдап өсті.

Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл семейдегі Ахмет Риза медрессесінде оқиды.

Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес, сол замандағы саяси – әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.


Қазақтың дара ұлына айналған Абай ақынның ақындық бастаушылары:


        Әжесі Зеренің әңгімелері


       Халық ақыны Дулат, Шөже ақындардан жыр тындап, жадына тоқуы


       Ақын білім алған мектептер

       Халықтық жырлар

«Мұхат Әуезов кезінде Абай шығармаларының үш бұлағын атап, оларға халық әдебиетін, шығыс әдебиетін және батыс әдебиетін қосқан» деген екен С.Қирабаев ағамыз. Расында ұлы ақын өзге елдердің соның ішінде шығыс елдерінің классиктерінің шығармаларымен таныс болады. Шығыс шайырларының рухына табынып, өзі құрмет еткен ақындардың есімін санамалап өтіп солардан медет тілейді.

Және де Абай мен Хафиз шығармаларындағы жүрек бейнесі ғашықтық сезімінде  ұқсас келетін жерлері болады:

Абай жүрегі: Асыл, асу, ит, ауру, күйген, шошыған, жомарт, жас, жылы, ызалы, ыстық, сорлы деп бейнеленеді.

Хафиз жүрегі: Қаралы, әлсіз, ғашық, жаралы, міскін, сергелдең, қиналған жүрек кейіпінде танылған.

Абай Пушкин, Лермонтов, Толстойлардың жақсы ақын жазушылығын ғана қадірлеп қоймай солардың еңбектерін, ұстаздық үгіт ойларынан көрініп тұрған шын адамдық, азаматтық қайсы екенін ерекше танытып берді.

Қытымыр қатал замндарда Пушкин, Лермонтовтар ұлы адамдық жолын нұсқаған болса, әділетті, теңдікті, мұңді жырлаған болса, Абай соның көбісін қазақ оқырмандарына жеткізе отырып, орыс халқының бойындағы үлкен асыл қасиет осы көрсетеді. Пушкиндерге қазақ оқушыларын дос етті.

Ұлы ақын өз еліне мұра етіп 40 тан астам қара сөз, мағынасы зор өлеңдерін қалдырды. Халықты оқуға, ғылымға шақырды. Бастысы Қазақ елі үшін ғажайып тұлға болып қалыптасты.

Мен Абай атамның он сегізінші қара сөзіндегі осы бір жолдарды өзіме үлгі етмін:

«...Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық»