Алматы студенттері "Таза қала" акциясын бастады

Алматы студенттері "Таза қала" акциясын бастады
жеке
блог

Алматыда студенттер «Таза қала» акциясын бастады

      Тамыз айының жиырма екісі күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы бастауымен және Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ «Сұңқар» ҚБ қолдауымен қала күніне орай тазалық акциясы бастау алды. Бұл акцияға қала өміріне бей – жай қарамайтын студент – жастар атсалысып, акцияны Түркісіб ауданының аймағынан бастады. Сенбілікке жиналған жастар аталмыш аудандағы Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының саябағын ретке келтірді. Баум тоғайының бір ғасырдай уақыттық ғұмыры барын да біліп қайтты. Тарихы сонау жүз жылды құрайтын Баум тоғайы үлкен, әрі жасыл ағаштарға толы саябақ екенін бірі білсе, енді бірі біле бермесі анық.

      Сенбілікке шыққан жастар Алматы күніне орай әр сенбі күні дәл осындай жиындарда бой көрсетуге бел буды.  «Таза қала» акциясын «Біз таза Алматы үшін» деп бастаған студенттер Қыздар университетіне және «Жарасым» ұйымына жолдады.

сенбілік

 

сенбілік

 

 

сенбілік